Қазақстан банктеріндегі халықтың салымдары шамамен 20 миллиард долларды құрайды. Мұны Болгария немесе Пәкістан сияқты елдердің жылдық табысымен салыстыруға болады. Атап айтарлығы, халық салымдарының үштен бір бөлігі шетел валютасымен салынады.
Кеңінен жарнамаланған „долларсыздандыру бағдарламасына„ және теңге депозиттерінің пайыздық мөлшерлемесінің көтерілуіне қарамастан, депозит иелерінің басын ұлттық валютаға бұру мүмкін болмай отыр. Белгілі қазақстандық экономист Бауыржан Исаев осындай көңілсіз тұжырымға келген.
Facebook желісіндегі өзінің парақшасында ол Қазақстанның депозит нарығындағы 6 жылғы ахуалға сараптама жасапты.
«Қазақстан халқы банктерде қанша ақша сақтайды?„ деген мәселеге мен оқтын-оқтын оралып отырамын, — деп жазады Бауыржан. — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің (ҚРҰБ) сайтында Қазақстан халқының салымдары туралы бөлім бар. Онда халық банктерде талап еткенге дейінгі, шартты және мерзімдік салымдарда қанша ақшаны теңгемен және шетел валютасымен сақтайтыны көрсетіледі.
Олардың басым көпшілігі мерзімдік салымдардың үлесінде, яғни, белгілі мерзімдегі, белгілі пайыздық үстемедегі салымдар.
Қаңтар — сараптама жасауға қолайлы ай, өйткені өткенге шолу 2009 және 2014 жылдардағы девальвация қарсаңындағы ахуалды көрсетеді.
Біз құлаған және „күшейген қарқынмен„ ары қарай құлдырап бара жатқан қаржы «тесіктерінің» ауқымы бірден көзге ұрады
Мәліметтер теңгемен көрсетілген, сондықтан мен 2009-2016 жылдардағы орташа бағамды алдым. Сөйтіп қызық дүниені байқадым:
2009 жылғы қаңтардан 2014 жылғы қаңтарға дейін халықтың доллармен сақтаған салымдары долларлық эквивалентпен жылына орташа 13 пайыздан өсіп отырған. 5 жылда олар екі есеге өскен. Тамаша өсім! Бөшкесі 100 доллар болған мұнай бағасы өз ісін жасады.
Қысқасы, салымдардың теңгелік жиынтығы қатып қалған, — дейді сөзін жалғастырған Бауыржан Исаев. — Шетел валютасындағы да. ҚРҰБ есептерінде салымдар жиынтығы тек бағам есебінен артып отыр. Бірақ ол қайдан өссін, егер зейнетақы аударымдары (яғни, еңбекақы) көтерілмесе, инфляция қарқын алуда, ал экономикадағы өтімділік барған сайын азайып барады.
Міне, осыны мен нағыз таңдау деп есептеймін. Халық доллардың, еуроның және тағы басқа шетел валюталарының пайдасына дауыс берді.
Экономика (саясатқа қарағанда) — қыңыр дүние, ол өзіне жағынғанды жаратпайды және бұл жерде ешқандай «долларсыздандыру» да көмектесе алмайды.
Керісінше болған жағдайда біз капитал жылыстауының күшейгенін байқайтын боламыз», — дейді ойын тұжырымдаған экономист.
Бұған қосарымыз, 2015 жылғы қарашада ҚРҰБ басшысы Данияр Ақышев біршама басқа цифрлар келтірген еді. ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында еліміздің бас банкирі былай деген еді: «Ағымдағы жылдың 10 айында депозиттер 4,6 пайызға артты. Атап айтарлығы, л валютасындағы депозиттер үлесі 55 пайыздан 65,9 пайызға дейін өсті. Бұл ұлтық валюта әлсізденгенен кейін валюта бөлігін қайта бағалауға байланысты».
Орысшадан аударған Қайрат Матреков