Ресми емес ғылыми атақтар — астамшылдық емес, маңызды мақсаттарға қол жеткізудің құралы. Мәселен, Ресейде тапқыр адамдар осылай ел бюджетін талайды. Және тек Ресейде емес.
Қарағандылық Владимир Меркулов Нобель Медалінің иегері. Марапатты Ресейдің жаратылыстану академиясы (РЖА) тапсырған. Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті оқытушысының өзі оны „өнертапқыштықты дамытуға қосқан үлесіне берілген лайықты баға„ деп есептейді, осыған байланысты ақпарат құралдарына мақтанышпен сұқбат береді. Тек Ресей Федерациясының Білім министрлігі Нобель медалін атаққұмарлардың көңілін алдауға беретін сувенир, яғни кәдесый деп атады, одан артық емес.
Ал Ресейдің ғылым академиясындағылар мұндай марапат туралы естімепті де, есесіне Ресейдің жаратылыстану академиясының күмәнді „жетістіктерін„ көп біледі екен…
– РЖА – атақтар мен мәртебеге негізделген бизнестің таза үлгісі іспетті. КСРО ыдырай бастағанда кез-келген ұйым құруға мүмкіндік пайда болды. Атап айтқанда,
КСРО ҒА мүшелігіне өте алмаған көптеген ғалымдар өздерінің академиясын құрып, академик атануға болатынын түсінді,
– дейді 365info порталына сұқбат берген РҒА Жалған ғылыммен күрес комиссиясы сайтының редакторы Александр Сергеев. – Ресми тұрғыдан алсақ, олар қарапайым қоғамдық ұйымдар. Қандай да бір жеке мақсатқа қол жеткізу үшін бірігуге ниет білдіргендерге ешкім кедергі келтіре алмайды. Және олардың академия деп аталуына да тыйым салынбаған. Өзіңіз ойлап қараңызшы, визиткаға «академик» деп жазуға болады, телефон арқылы хабарласқанда, хатшы сізге «академик Мырқымбаев қазір бос емес», деп жауап қатады. Ал ең бастысы, сіз академик мәртебесінде шенеуніктің қабылдауына кіре аласыз, ал ол сізге дәрежесі өзінен жоғары немесе бірдей адам ретінде қарауы мүмкін.
Адамдарға әлі күнге дейін ненікі екені белгісіз болса да өзін академик деп таныстырған немесе кімнің бергені белгісіз болса да медальдармен және ордендермен мақтанған пайдалы. Бірақ, ең бастысы, академик мәртебесімен ғылымды жамылып, кез-келген идеяны алға тартады және адамдар оған сенеді.
Тәжірибесі жоқ (немесе керісінше жемқор) бюрократтар мұндай мәртебелерді шындық ретінде қабылдайды (немесе сондай сыңай танытады). Мәселен,
талан-таражға салуға бағытталған алдамшы жобаны сараптамадан өткізу қажет пе? Қандай екені белгісіз академияның академиктерінен сараптама кеңесін жинаймыз да, мақұлдаймыз. Өте пайдалы
Айтпақшы, РЖА медалі туралы, егер олардың сайтын қарап шықсаңыз, оларды ақшаға, дәлірек айтқанда жарнаға сатып алуға болатынын байқайсыз. Әрине, олардың барлық марапаттары туралы олай жазылмаған, бірақ кейбіреулері туралы сондай пікір айтылған.
– Яғни, қазір қаласаң – академик атағын, ол аз болса, Айдан жер сатып алуға бола ма?
– Сіз Айдағы жерді сату туралы салыстыруды өте дұрыс айттыңыз. Олар өте ұқсас дүниелер.
– Алайда РЖА академиктері арасында Геннадий Онищенко, Юрий Куклачев, Рамзан Кадыров, Николай Дроздов белгілі тұлғалар бар емес пе?
– Қоғамдық академиялар мен академиктердің барлығы бірдей жалған ғалым емес. Қоғамдық академияларда мистификаторлармен қатар нағыз ғалымдар да болған және бар, оларға академик мәртебесі өздерінің нағыз ғылыми жұмыстарын ілгерілету үшін қажет..
Мәселен, РЖҒА-да (Ресей жаратылыстану ғылымының академиясы) Сергей Капица деңгейіндегі нағыз ғалымдар болған және бар, бірақ жалған ғалымсымақ академиктер бұл ұйымның абыройын әбден төкті.
– Осындай ұйымдардың салдарынан академик атағы өзінің беделінен айырылған жоқ па?
– Көп реттте жоғалтты. Нағыз ғалым мен академияларды созылмалы түрде дұрыс қаржыландырмаудың салдарынан да.
– Мұндай ұйымдарға неге тыйым салмайды, олар, шын мәнінде, халықты алдап жатқан жоқ па?
– Заң адамдарды алдауға тыйым салмайды, егер ол алаяқтыққа (бөтеннің мүлігін иемденуге) бағытталмаса. Өтірік айту жақсы емес, бірақ оған тыйым салынбаған. Одан кейін, ресми тұрғыдан алсақ, олар өтірік айтпайды.
Мұндай адасу тарихи себептердің салдарынан орын алуда. КСРО-да азаматтардың еркін әрі ірі бірлестіктері болған емес. Ғылыммен айналысқысы келгендер ресми құрылымдардың біріне кіруге мәжбүр болатын. Ол кезде әуесқой ғылыми қоғамдар болатын. Ең жоғарғы ресми ғылыми құрылым КСРО-ның Ғылым Академиясы. КСРО-ның ҒА-сы, шын мәнінде, ғылымды бір құтыда дамытуға арналған министрлік және мемлекеттік корпорация болатын, ал академиктер өздерінің мәртебесі бойынша ғылымдағы жоғары шенеуніктер іспетті болатын. Олардың көпшілігінің артында ақша және әкімшілік беделі тұрды. Академик атану кеңестік ғылыми мансаптың шынар биігі болатын. Бұл мәртебе көптеген есіктерді еркін ашатын.
Тіпті, КСРО ыдырағаннан кейін біраз жылдар бойы көптеген адамдар, олардың ішінде, шенеуніктер академик атағын естісімен, бұл атақты кімнің бергенін білмей жатып, ол адамдарға құрметпен және сеніммен қарайтын еді.
– Ал Қарағандылық оқытушыға бұл медальдің не қажеті бар? Ол ештеңе бермейді, ал оның беделінің шығу тегі де күмәнді, ол осыны түсінбей ме?
– Оның миына кім кіріп-шығыпты, сондықтан ондай әрекеттердің себебін түсіну қиын.
Кейбіреулер жұмысына көмегі тиетінін білгендіктен мұндай мәртебелерді өздері сатып алады. Кейбіреулерге (әдетте бастықтарға) мұндай дүниелерді кәдесый ретінде тарту етеді. Атап айтарлығы, кейбіреулер мұндай әзілді шын деп қабылдауы мүмкін. Тіпті, мұның дұрыс дүние емес екендігін сезбейді де.
Мәселен, әдемі үлкен конверт келеді, одан өзіңіздің ғылыми еңбегіңізге тамсанушылықты оқисыз. Ары қарай Академияның сізді байқағаны және медальмен марапаттағысы келетіні туралы айтылады. Одан кейін түрлі транзакциялар болады. Сөйтіп, сөз арасында 10 мың рубль көлемінде ұйымдастыру жарнасын төлеу қажеттігі туралы айтылады.
Бұдан бөлек,
өздерінің атақ-абыройын көтеру үшін мұндай академиялар көп ретте өздерінің мәртебелері мен марапаттарын „керек адамдарға„ тарту етеді. Осындайдан академик Қадыров пайда болады
–Ғылыми жаңалықтар мен өнертабысқа қатысы жоқ академиктердің жайы түсінікті, ал шынайы академиктер де жалған академияны академиядан ажырата алмай ма?
– Шынайы академиктер әдетте барлығын жақсы ажырата алады. Бірақ біз академиктердің көпшілігі тек ғалым емес, сонымен қатар шенеунік екенін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан олардың көпшілігі „іске пайдасын тигізу үшін„ ол жерге жиналған жалған өнертапқыштарға көз жұма қарап, қоғамдық академиялардың мәртебелерін пайдалануға дайын.
Бірақ көптеген академиялар әу-бастан-ақ кейбір көзсіз идеяларды немесе алаяқтықты жүзеге асыру үшін құрылды. Мәселен, Халықаралық ақпараттандыру академиясы және тринитаризм академиясы – таза жалған академиялардың мысалы.
– Бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ба?
– Өкінішке қарай,
ресми заң бойынша мұндай академияларды ешқандай жауапкершілікке тарта алмайсыз
Тіпті, егер нақты алаяқтық ашылып жатса, Ресей жаратылыстану ғылым академиясының (РЖҒА) белгілі бір академигін – мәселен, Грабовойды жауапкершілікке тартады, ал РЖҒА-ға қарсы ештеңе болмайды. Бірақ бұл жерде екі қызыл жолақ бар.
– Қандай?
– Адамның пайда көру мақсатында біреуді қасақана алдау (алаяқтық) құқығы жоқ. Бірақ ондай ниетті дәлелдеу қиын. Екіншісі – мемлекеттің былжырақты ынталандыруға және қоғамдық қаржыны дәлелденбеген дүниелерге жұмсауға құқығы жоқ. Міне, осы жерде оларды ұстауға болады, бірақ олардың алға тартып отырғандары былжырақ екенін дәлелдеу үшін барлық күштерді біріктіру қажет.
– Ұлттық академиядағы біздің академиктер де РЖА-ның медальдарын алып жатады, оған қалай қарауға болады?
– Ұлттық ғылым академиясы академиктеріне атаққұмарлықтың медальдары не үшін керек екенін түсінбеймін. Сірә, бұл оларға өзін жарнамалаудың қосымша мүмкіндігіне ие болу үшін керек шығар, өйткені кейбір шенеуніктерге ол таза техникалық тұрғыдан қажет. Сонымен қатар, „шынайы„ академиялардың да жалған ғылым дертіне ұшырағанын түсінген жөн, қазір
барлық „нағыз„ академиктердің өздері де нағыз емес
КСРО кезінде КСРО Ғылым академиясымен қатар, республикаларда ұлттық академиялар болғанын ұмытпайық. Міне, солар кейбір деңгейде қазіргі қоғамдық академиялардың рөлін ойнаған. Қазір посткеңстік елдердегі Ұлттық ғылым академиялары – КСРОның республикалық академияларының мұрагерлері, КСРО ҒА қарағанда, олардың ғылыми деңгейі біршама төмен болатын..
– Әлемдік ғылыми жұртшылық жалған марапаттар бойынша ахуалды қалай бағалап отыр?
– Әлемдік жұртшылық оған соншалықты назар аударып отырған жоқ. Оның үстіне, академияларға деген көзқарас мүлдем бөлек.Ол жақта академия әр уақытта қоғамдық ұйым болып саналатын, және оларды ешкім жоғарғы ғылыми инстанция ретінде қабылдаған емес.
Мәселен, Нью-Йорк ғылым академиясына 100 доллар шамасындағы жылдық жарнаны төлеп кіруге болады. Бірақ бұл, шын мәнінде, олардың журналына және тағы басқа қызметтеріне жазылу. Академияға кіргендердің ешқайсысы өзін ғалыммын деп есептемейді. Ең дұрысы, ғылымды қолдайтын адам боласың.
– Яғни, әлемдік ғылымда біздің академик ешкім емес қой?
– Жоқ, әлемде посткеңестік елдерде ғылымның мемлекеттік ғылым академиялары ретінде ұйымдастырылғанын біледі. Бірақ оларға академик атағына қарағанда, ғылым докторы мәртебесі анағұрлым түсінікті.
– Ал марапаттарға қалай қарайды?
– Әлемде әдетте марапаттау фактісіне емес, марапттаған ұйымның атақ-абыройына қарайды. Ғалымдар көп ретте түйіндемелерінде марапаттарын көрсетеді. Бірақ марапаттаушының атақ-абыройы биік, яғни құрметті болуы тиіс. Мәселен, ешкім Филдс медалін (математиктер үшін Нобель сыйлығының аналогі) алудан қашпайды. Бірақ РЖА марапаты ешкімге белгісіз, ешнәрсені білдірмейді. Ал егер біреу қазбалайтын болса, оның иегерінің абыройы айрандай төгілуі мүмкін. Күмәнді ұйымның марапатын несіне мақтан тұтады? Мүмкін, өзі де сондай болар?
– Сонда, әлемдегі салиқалы ғалымдар РЖА туралы білмейді ғой?
– Бімейді. Егер білсе – иғын қиқаң еткізуші еді: соны да мақтан тұта ма екен. Әлемде түрлі әпенделер жеткілікті ғой.Бірақ ондағының барлығын дұрыс деуге болмайды. Ол жақта да жалған ғылым жоқ емес…
– Ресейде жалған ғылым күрес жөніндегі комиссия бар. Оның немен айналысатыны туралы айта аласыз ба?
– Комиссия жұмысының мақсаты — жалған ғылымның негізіндегі алаяқтықтың алдын алу және ғылымды жалған ғылым мен мистификацияны ажыратуды түсіндіру бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу.
Мәселен, ағартушылық қызмет – ол біздің сізбен болған сұқбатымыз. Мен сізге әңгімелеймін, ал сіз оны өз аудиторияңызға жеткізесіз.
– Сол-ақ па?
– Жалған ғылым қаншалықты зиянды болса да онымен тек заңды және әдепті әдістермен күресу қажет. Дөрекі цензура, тыйым салу мен қудалаулар опа бермейді. Қайта зиянын тигізуі мүмкін. Өздеріңіз білесіз, тыйым салынған дүние қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, тыйымдар жеке мүдделер үшін пайдаланылуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес. Жалған ғылыммен күрес — күрделі дүние, өйткені
адамдардың былжырақтауға ғана емес, сонымен қатар сол былжырақтарға сену құқығы бар
Сондықтан ұзақ әрі табанды жұмыстың нәтижесінде біртіндеп еліміздегі ақпараттық ахуалды өзгерту керек.
Ал алаяқтықпен біз күресіп жатырмыз – түрлі мемлекеттік органдар оқтын-оқтын жасауды өтінетін жобаларға сараптамалар жүргіземіз. Мәселен,
қазір біз тергеудің тапсырысы бойынша отынның жану энергиясын көтеретін жүйеге сараптама жасап жатырмыз. Оны жүзеге асыруға 500 млн рубль шамасындағы қаржы бөлінген
– Ақша, әрине, мемлекеттік бюджеттікі?
–Сірә, бұл жалған ғылыми жаңалықтарды жасаушылардың жергілікті әкімшілікпен жемқорлық ауыз жаласуы болуы мүмкін, яғни, жалған ғылыми зерттеу емес, „мәңгілік қозғалтқышты„ тәжірибеге енгізу. Мұндай жағдайда біреу салмақты сөз айтуға тиіс. Міне, осындай жағдайда комиссияға жүгінеді.
– Осыдан бес жылдай бұрын біздің комиссияның қатысуымен басқарушы «Единая Россия» партиясының көшбасшысы Борис Грызлов сияқты қамқоршысы бар жалған өнертапқыш Виктор Петрикті жықтық. Бұл үлкен соғыс болды. Онда
Петриктің сүзгіштерін жапай күштеп енгізу арқылы миллиардтаған долларды талан-таражға салу жоспарланған болатын
Суды тазартуға арналған осы «нанотехнологиялық» сүзгіштер туралы, олар әлемдік үлгілерден жүздеген есе тиімдірек дегенге сендірмекші болды. Шын мәнінде, олар сипаттамалары бойынша олар дүкендердегі кәдімгі сүзгіштерден нашар болып шықты.
Бұдан да күрделі мәселелер бар, өзірге оларға жақындаудың өзі қиын. Мәселен, гомеопатия. 90-шы жылдардаың басында оны ешқандай ғылыми негіздемесіз жартылай астыртын мемлекеттік медицинаға енгізген. Ал бұл миллиардтаған доллар мен ресми мәртебе.
– Қызық екен! Мен де баламды гомеопатқа емдетіп жатырмын.
– Психотерапевтке апарып жүрмін деп есептеңіз. Мүмкін, тіпті, көмектесіп қалар. Кейбір жағдайларда плацебоның әсері күшті болуы мүмкін.
Ал жалпы, егер қызық болатын болса, Ася Казанцеваның «В интернете кто-то неправ» деген кітабын қарап көріңіз. Онда үлкен бір тарау гомеопатияға арналған, ал мұқабасында — біздің комссияның төрағасы РҒА академигі Евгений Александровтың кеңестері берілген.
200 жыл бұрые гомеопатияның негізін қалаушы Самуэль Ганеман оны алхимия мен эзотериканың қоспасы деп түсіндірген болатын. Қазір жаңа заманауи түсініктемелер келтірілуде – судың құрылымы мен жады, ақпараттық матрицалар және басқа сандырақ.
– Яғни, кеңінен тараған және өте қымбат гомеопатия – жалған ғылым ба?
– Сапалы клиникалық зерттеулер әзірге гомеопатиялық емнің тиімді болғанын дәлелдеген бірде бір сырқатты анықтаған жоқ.
Иә, ол жалған ғылым. Ол мемлекеттік медицинаның құрылымына еніп және сол жерге бекіп алды. Қазір
оны ол жерден ешқанадай академиялық комиссия оңайлықпен қуып шығара алмайды. Өйткені оған мыңдаған дәрігерлер тартылып, миллиардтаған долларлар жұмсалған
– Мұны алаяқтық деуге бола ма?
– Алаяқтық – біреудің меншігін иемдену мақсатындағы алдау. Егер гомеопат өз емінің жалған екенін біле тұра, клиентін алдау арқылы табыс тапса, онда бұл алаяқтық. Бірақ оның миына кіріп-шықпайсың ,ой. Ал сөз жүзінде олардың барлығы оның тиімділігіне сенеді. Ал оны қылмыстық жауапкершілік тұрғысынан алсақ, бұл алаяқтық емес.
– Онда оны қалай атаймыз?
– Мистификация шығар…
Орысшадан аударған Қайрат Матреков