Қырғызстанда оппозицияның билікке әдеттегі көктемгі шабуылы басталды. 15-наурызда Ақсый ауданында және Жалал-Абад қаласында Ұлттық оппозиция қозғалысы ұйымдастырған митингілер өтті. Акциялар бейбіт болғанымен, талаптар қатқыл болды.
Әдеттегідей, митингіде президентті мерзімінен бұрын өкілеттігінен бас тартуға шақырған үндеулер айтылып, қолданыстағы Конституцияға наразылықтар білдірілді. Айтарлығы, бұл екі митингі — «алғашқы көктемгі қарлығаштар» ғана. Негізгі әрекеттер — құрылтай Ош қаласында «2005 жылғы алғашқы революцияның кезекті жылдығы» 24-наурызға белгіленген. Міне, сол жерде жанданып келе жатқан оппозициялық қозғалыс биліктің беріктігін шындап тексеретін болады.
«Қырғыз оппозиционерлерінің жоспарында шектен шығатын ешнәрсе жоқ, — деп жазады ng.ru тілшісі Григорий Михайлов. — Акция өткізу ниеті әр көктем мен, әр күзде айтылады. Алдын ала хабарланған жоспарлар түрлі жолдармен жүзеге асады. Акциялардың бір бөлігі өткізілмей қалады, соңғы жылдары митингілер өткізілмейтін болды, бірақ ел бұдан анағұрлым табысты болған 2005 және 2010 жылдарда орын алған наразылық тәжірибелерін жақсы біледі. Ол кезде Қырғыз елінің алғашқы екі президенті Асқар Ақаев пен Құрманбек Бақиев биліктен айырылған еді».
Бұл жолы
митингілерді ұйымдастырушылар наразылық әлеуетті жұмылдырып, салықтардың өсуін, қосымша төлемдердің енгізілуін, сондай-ақ жалпы, үкімет пен президенттің тиімсіз жұмысын сын тезіне алатын сыңайлы
Оштағы митингінің күн тәртібіне электр жарығы тарифтерінің өсуі, тұрғын үйлерді сақтандыру сияқты ел үшін өзекті мәселелер енген. Идеологиялық немесе сыртқы саясат сипатындағы талаптар қойылған жоқ.
Жақында Азаттық радиосының қырғыз бөлімшесі келесі мазмұндағы мәтінді жариялады: «Келесі аптадан бастап бірқатар аймақтарда (Қырғызстанның — ред.) митингілер мен құрылтайлар өткізу жоспарланған. Өткен айда
Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетті, оның ішінде, қырғыз ағайындарға жарық-дыбыс гранаталары мен түтіндету құтылары, яғни, наразылық білдірушілерді күштеп таратуға арналған арнайы құралдар берілген»
Шынымен де, 2015 жылғы жазда Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты „ҚР үкіметі мен Қырғыз Республикасы үкіметі арасындағы ақысыз әскери-техникалық көмек туралы Келісімді ратификациялау туралы» ҚР заң жобасын қабылдады.
Бұл Келісімді сенатта таныстырған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров былай деген еді:
«Келісім ақысыз негізде қырғыз тарапына атыс қаруына патрондар, түтіндеу гранаталары мен құтыларын, С-75М3 зениттік-зымырандық кешеніне қосалқы бөлшектерді беруді қарастырады″.
Өздеріңіз көріп отырғандай, ешқандай арнайы құралдар туралы әңгіме қозғалған емес. Соған қарамастан, 365info.kz порталы ҚР Қорғаныс министрлігіне (ҚМ) Қырғызстанға наразылық білдірушілкерді күштеп таратуға арналған жарық-дыбыс гранаталарымен басқа құралдарды жібергені, не жібермегені туралы түсініктеме беру бойынша сауалнама жолдаған болатын.
ҚР ҚМ бізге берген жауабында қырғыз тарапына қандай құралдардың жіберілгенін тізбектеп беріпті.
Жауапта ешқандай арнайы құралдар туралы бір ауыз сөздің жоқ екенін өздеріңіз көріп отырсыз.
РДГ түтіндеу гранаталарына келетін болсақ, олар жалғыз сарбаздың және бөлімшелердің жақын ұрыс жағдайындағы әскери әрекеттерін жасыруға арналған
Сондай-ақ, граната әскери техниканың өртенуіне ұқсату, жекелеген атыс орындарын жасыру мақсатында түтінделген аймақ құру, әскери техникадағы өртке ұқсату, сондай-ақ тікұшақтар қонатын орындарды белгілеу және желдің бағыты мен күшін көрсету үшін пайдаланылады».
Бұл құралдарды наразылық білдірушілерді таратуға пайдаланудың қисынсыз екеніне келісетін шығарсыздар.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков