Қазір Қазақстанда ипотека алу қол жетпес арманға айналғандай: көптеген қазақстандықтар банктердің кез келген желеуді сылтауратып, құпталып қойған ипотекалық несиелердің өзінің берілуін кешеуілдетуіне тап болуда.
Қазақстандық банк жүйесі орасан зор дағдарысқа тап болды. Теңгенің күрт құлдырауы бірқатар қазақстандық банктердің (ипотекалық несиелерді беру тоқтатыны туралы Қазкоммерцбанк, ЦентрКредит, Сбербанк, ForteBank, Астана Банкі, ВТБ (Қазақстан), AsiaCredit и Kassa Nova банктері хабарлады, – ескерт.) ипотекалық несиелерді берудің тоқтатуына және мөлшерлемелерді бір жақты қайта қарауына әкеліп соқты.
Сарапшылар бұл түптің түбінде болатын іс дейді: ірі несиелер бойынша мөлшерлемелерді көтеруден, алғашқы жарналарды арттырудан және ипотекалық бағдарламаларды тоқтатудан басқа коммерциялық банктердің амалы жоқ.
– Экономикадағы ахуал және салымдар бойынша мөлшерлемелерді көтеру несиелерді беру саясатын қатайтуға алып келуі керек еді, – дейді экономист, мәжілістің экс-депутаты Валентин Макалкин. – Банктер шарттарды қайта қарайды және тек мөлшерлемелерді ғана емес, сондай-ақ тұрғын үй үшін құйылатын алғашқы жарна да өсетін сыңайлы.
Алайда кей банктер мұндай үзіліс «ойлану» үшін қажет деп отыр.
– Біз несиелерді беруді толық тоқтатқан жоқпыз, – деді телефонмен болған әңгімеде „Қазкоммерцбанк„ АҚ-ы БАҚ-пен және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі бөлімінің бастығы Сергей Чикин. – Банк еңбекақы жобасының қатысушыларына түрлі несиелер беруді жалғастыруда. Ипотекаға келетін болсақ, бір немесе екі аптадан кейін жаңа бағдарламаны іске қосамыз: қазір банк балансында тұрған, кепілзатқа қойылған мүлікті сатады… Әлбетте, нысандар шеңбері кепілзатқа қойылған мүлікпен шектеледі, бірақ ағымдағы ахуал тұрғысынан пайыздық мөлшерлеме жеткілікті деңгейде ізгілікті…
Ал осы жоба шеңберінен тыс ипотека алу оңай шаруа емес.
Мүлік нарығындағы барлық ойыншылар нарықтағы мөлшерлемелердің шарықтайтынын, сол кезде ипотека алудың мәні қалмайтынын түсініп отыр. Не болса да бұл жағдайға мемлекеттің араласуы керек.
– Қазақстанның банк секторындағы жағдайға келетін болсақ, жалпы, ол түсінікті. Оған мұнай бағасының құлдырауы елеулі әсер етіп отыр – одан халық та, қаржы жүйесі де зардап шегіп отыр. Атап айтарлығы, қиындықтар тек Қазақстанда ғана туындап отырған жоқ – бүкіл әлем экономикасы күрделі кезеңді басынан өткеріп отыр. Сондықтан басқа елдердегі жағымды тәжірибені пайдаланған жөн. Мәселен, Ресейде осыған ұқсас жағдайда 2014 жылғы дағдарысты желтоқсанда мемлекет банктерге қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін елеулі көмек бөлді , – дейді EMEA аймағындағы SAS компаниясының несиелік скоринг және шешім қабылдау бағытының басшысы Николай Филипенков.
Сарапшының пікірі бойынша, әр банк өзінің ағымдағы ахуалын көре білуі, бірінші кезекте, сол сәтте пайдаланылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің сапасын бағалай алуы және тиімді шешім қабылдай білуі керек — мәселен, тәуекелдерді басқарудағы озық амалдарды енгізу. Бұл банктерге дағдарысты аз мөлшердегі шығындармен еңсеруге, сондай-ақ өсудің жаңа кезеңінде елеулі жағымды әсер беретін жаңа сапалы деңгейге шығуға мүмкіндіктер береді.
Орысшкадан аударған Қайрат Матреков