Бауыржан Байбек автомобильдердің қас жауы және велосипедке табынушы аты аңызға айналған дат урбанисі Ян Гейлмен кездесті. Кездесу барысында әкім мегаполисті 2020 жылға дейін дамыту туралы жоспарларын қысқаша баяндаса, дат профессоры қазақстандық қала басшысына Алматы көшелерін автомобильдерден арылту және велоинфрақұрылымды қалай құру жөніндегі тәжірибесімен бөлісіп, оны қалай жүзеге асыру жөнінде әңгімелеп берді.
Кездесу барысында Алматы әкімі Ян Гейлдің қазақшаға аударылған „Адамға арналған қалалар„ кітабының тұсаукесерін өткізді.
– Біз Алматыны 2020 жылға дейін дамытудың бағдарламасын бекіттік және оны дайындау кезінде сіз айтқан ұсыныстарды көптеп пайдаландық, – деді Бауыржан Байбек.
Байбектің сөзіне құлақ ассақ, ол атақты урбанистің Алматыны жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер қаласына айналдыру идеясын толығымен қолдайтын сыңайлы. Алматыны 2020 жылға дейін дамыту стратегиясын сөз ете отырып, ол экономика, экология және адами өлшем сынды үшбірлік тұжырымдамасы пайдаланылғанын атап өтті.
– Қалалар адамдарға арналу керек, – деді қала басшысы. – Біз дамудың бес принципін белгіледік, оның ішінде, басымдылықты әр адамға деген қамқорлыққа, оған жайлы өмір қамтамасыз етуге бердік. Атап айтарлығы, біз өзіміз ешнәрсе ойлап тапқан жоқпыз, тек халықаралық тәжірибені пайдаланып, басқа мегаполистердің жолымен жүрсек болды.
Шынымен, Ян Гейлдің Gehl Architects студиясы Нью-Йорк пен Сиднейден бастап ондаған мегаполистердің мэрияларына кеңес беріпті, олар сәулетшінің туған қаласы Копенгаген сияқты автомобильдерді аямай ығыстырып, жжүргіншілер мен велосипедшілер қалаларына айналуда.
Дат урбанисі Ян Гейлдің зерттеулерінен Алматыны болашақта жүргіншілер қаласына айналдыру мақсатындағы қала көшелері мен алаңдарын өзгерту жөніндегі кеңестер туралы бірнеше қызықты фактілер:
Орысшадан адарған Қайрат Матреков