Өткен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында тұтыну бағалары өсуінің күрт төмендеуі статистиктер тарапынан жасалған күтпеген және жағымды сый болды.
Егер қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда бұл бағалар 5,2 пайызға шарықтап, қарашада тағы 3,7 пайызға артса, қыстың алғашқы айында Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитетінің есептуелері бойынша инфляция қазіргі кездегі өлшемдер бойынша соншалықты жоғары емес, небәрі 1,2 пайызды құраған Атап айтарлығы, қарашамен салыстырғанда желтоқсан айында азық-түлік тауарлары 1,2 пайызға, азық-түлікке жатпайтындары – 1,1 пайызға, ал ақылы қызметтер – 1,4 пайызға артқан. Аспандаған бағалардың осылай қатты тежелуінің себебін статистиктер түсіндірмеді.
Десек те, 2015 соңына қарай ұзаққа созылған
девальвация мен нақты табыстың төмендеуінен әбден қалжыраған отандық орташа статистикалық тұтынушы өзінің жаңа жылдық тәбетін шектеп, тек қажетті азық-түлік жиынтығы мен сыйлықтарды қанағат тұтқан болар
Жылдық шамамен, яғни 2014 жылғы желтоқсанға қарай азық-түлік тауарлары 10,9 пайызға қымбаттаған. 2015 жылы жалпы деңгейден келесі тағамдардың бағалары көтерілген:
Сөйтіп,
отандық аграрийлер мен өңдеушілердің девальвацияны қолдап, ішкі нарықты арзан азық-түлікпен қамтамасыз етеміз деген уәдесі орындалмай қалды
Тек жылдық шамамен 2,9 пайызға қымбаттаған ет және ет өнімдері, 6,4 пайызға қымбаттаған сүт өнімдері, 8,2 пайызға қымбаттаған ұн 8,2 пайызға қымбаттаған ұн және 10,2 пайызға қымбаттаған макарон тағамдары кірген.
Инфляцияның артуына жол ашқан азық-түлікке жатпайтын тауарлар өткен жылы 22,6 пайызға артқан, оған таң қалудың реті жоқ, — өйткені олар Қазақстанға шет елдерден импортталып, олар үшін валютамен есеп айырысады. Негізінен келесі тауарлар қымбаттаған:
Бағасы ең аз өскені бензин — 4,6 пайыз, ал дизель отыны 9,6 пайызға арзандаған.
Жылдық 8,1 пайыз өсім берген әдетте көш бастайтын ақылы қызметтер бұл жолы көш соңында қалды. Соған қарамастан, кабельдік телеарналар қызметінің тарифі 51,3 пайызға, халықаралық телефон шалулар – 34,5 пайызға, кешенді демалысты ұйымдастыру қызметі 19,3 пайызға артса, қоғамдық тамақтандыру қызметі 12,2 пайызға, денсаулық сақтау – 11,7 пайызға, демалыс, көңіл көтеру және мәдениет салаларында – 9,6% пайызға артқан. Тұрғын үй-коммуналдық саласындағы орталықтандырылған жылыту жүйесі қызметінің тарифтері 14 пайызға, суық су – 12,7, ыстық су – 11,3, канализация – 10,3, электр энергиясы – 8,3 пайызға артқан.
Дереккөзі: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі Комитеті.
Инфляцияның жалпы жылдық деңгейі 13,6 пайыз деңгейінде қалыптасып, бұрынғы ресми болжам болған жылдық 6-8 пайыздан әлдеқайда жоғары деңгейге шықты
Айтпақшы, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Ресейден басып озды, көршімізде жылдық инфляция 12,9 пайыз көлемінде қалыптасқан. Атап айтарлығы, желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 0,8 пайызға азайған. Ал егер теңгенің долларға шаққандағы бағамының ресейлік рубльдің американдық валютаға қатысты ауытқуларына байланып қойғанын ескерсек, Ресей мен Қазақстан орталық банктерінің валюта саясаттары үйлесімдік табуы үшін қолайлы жағдай жасалды деуге болады.
Еліміздің аймақтары арасында жылдық инфляцияның неғұрлым жоғары деңгейін – 18,8 пайызды – статистиктер елордамыз Астана қаласында тіркесе, ал ең төменгі деңгейі – 11,6 пайызды астанамызбен көршілес Қарағанды облысында тіркепті. Қараша айымен салыстырғанда, желтоқсанда тұтынушылық бағалардың артуы Алматы облысында неғұрлым жоғары (2,6%) болса, Батыс Қазақстан облысында ол соғұрлым төмен (0,2%) болған.
2015 жылғы желтоқсандағы нфляция, өсім пайызбен көрсетілген
Дереккөзі: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі Комитеті.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков