Тәуелсіз Кәсіпкерлер Ассоциациясының президенті (ТКА) Талғат Ақуов ЕАЭО-да жедел түрде ортақ валюта — ресейлік рубль енгізуді ұсынып отыр.
«Время» газеті ел арасында танымалдыққа ие келе болып жатқан Тәуелсіз Кәсіпкерлер Ассоциациясының (ТКА) президенті Талғат Ақуовтың ЕАЭО-ның аумағында ортақ валюта енгізу туралы мәлімдемесін жариялады, оның пікіріне құлақ ассақ,
ол ресейлік рубль болуы мүмкін екен.
— Қазір Қазақстанның банк жүйесі жұмыс істеуден қалды, — деп есептейді Ақуов. — Халық ұлттық валютаға сенуден қалды. Мыңдаған кәсіпорындар жабылу алдында тұр — валюталардың ауытқулары салдарынан бизнес тауарлар мен шикізатты жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісімдер жасай алмай отыр.
ТКА басшысының пікірі бойынша, мұндай ахуалдан құтылудың жалғыз жолы — Қазақстанда екі валютаның — доллар мен еуроның ашық айналымынан бас тарту. Кәсіпкер оларды екінші деңгейдегі банктер мен валюта айырбастау орындарының жалпы айналымынан шығарып тастауды, ал осы валюталарды тек Ұлттық банктің бөлімшелерінде елден кететіндерге және сауда операциялары бойынша шетелдік әріптестерімен есептесуді доллармен және еуромен жүзеге асыратындарға сатуды ұсынуда.
— Бұдан кейін Қазақстанға басқа елдермен бірігіп, ортақ валютаға көшу керек, — деп санайды Талғат Ақуов.
Оның айтуынша, Еуразия кеңестігінде ортақ валютаның ең жарамды әрі тиімді нұсқасы — ресейлік рубль екен. Өйткені мұндай ортақ валюта — рубльді енгізу үшін — қосымша уақыт, жаңа ақша басатын жаңа ақша сарайын салудың және жаңа ақша белгілерін басып шығарудың қажеті болмайды.
Естеріңізге салсақ, қараша айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев ЕАЭО-ның ортақ валютасын жасау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ деп, мәлімдеген еді.
«Қазір ЕАЭО-ның есептесу бірлігін және ортақ валютасын жасау күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе инграциялық бірлестіктің бірде бір деңгейінде талқыланып жатқан жоқ», — деп атап өтті Абаев.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков