Ресейдің Түркиямен сауда жүргізудегі жаңа санкцияларына түсініктеме берген сарапшылар енді тыйым салынған түрік тауарлары Ресейге Қазақстан арқылы жеткізіледі деген пікірде, бірақ олардың көлемі соншалықты үлкен болмайды, өйткені бұл кейбір кәсіпкерлердің тек қосымша табыс табу ниетінен туындайтын іс болмақ.
Сарапшылар болжамы бойынша, жекелеген кәсіпкерлер ресейліктердің түріктермен саудадағы «тыйымдарын» ұтымды пайдаланып, қосымша табыс табуға ұмтылатын болады, бірақ оның көлемі соншалықты үлкен болмайды және тікелей болмаса да Ресейдің қадағалаушы органдарының жанама қарсылығына тап болып, ақыр соңында тоқтатылып тынады.
– Ресей мен Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың нашарлауы біздің елге тікелей әсер етпейді, – деген сенімде саясаткер және экономист Петр Своик. – Қазақстан Ресеймен де, Түркиямен де өзінің барлық қарым-қатынастарын сақтайды. Әлбетте, Түркиядан Қазақстанға жеткізіліп жатқан экономикалық ағымдар соншалықты орасан емес, бірақ қалыптасқан байланыстар бар, сондықтан алғашқы кезеңде Еуразиялық одақтың «тесіктерін» пайдаланып, ресейлік нарыққа кіру талпыныстары болады. Бірақ ол талпыныстар осыған ұқсас еуропалық эмбаргоға қатысты болған жайлар сияқты дер кезінде басылатын болады.
Сарапшы Ресейдің қадағалаушы органдарының түрік тауараларын табатынын, әрі кетсе, оларды кері қайтаратынын жоққа шығармайды.
– Әзірше, ЕАЭО әлжуаз күйде, шын мәнінде, ортақ экономикалық саясаты бар одақ қалыптасқан жоқ, – деп есептейді Петр Своик. – Алайда ЕАЭО геосаяси жобасы Кремль үшін өте маңызды. Киев майданы мен Сириядағы оқиғалар – көп ретте еуразиялықты саяси рәсімдеудің салдары болып табылады.
Бұл жерде «алдымен саясат, содан кейін экономика» формуласы іске қосылып отыр.
– Саяси мағынада дербес ойынға тапсырыс берген және өзінің бұл ойынды жүргізу құқығын дәлелдеуге тырысқан Ресей, экономикалық тұрғыдан өте үлкен шамада, ал қаржылық тұрғыдан толығымен батыс нарығының шалғайы болып табылады. Яғни, Ресей неғұрлым дамыған елдерге қатысты өзі экономикасының қосалқылығын сақтай отырып, соңғы бірнеше жылда белсенді түрде саяси тұрғыдан іргесін аулақ салуға тырысуда, – дейді Петр Своик. – Мұны Украинадағы оқиғалар, ал қазір Сириядағы жағдай растап отыр. Олардың барлығы Ресейді іргесін батыстан аулақ салуға итермелеуде, ал қазір Түркия батыстың сойылын соғуда. Міне, осындай саяси оқшаулану, қалай болса да экономикалық мүдделерден жоғары тұра алмайды. Сондықтан
Қазақстан ресейлік саясаттың шеңберіне Түркияға қатысты салынған санкциялар арқылы емес, Қазақстан саясатының көп векторлықтан біртіндеп Ресеймен пікірлес болу жағына қарай көбірек қозғалуы арқылы тартылатын болады
Міне, өзімнің осындай пікірімді растау үшін, мен Назарбаевтың соңғы жолдаудағы өте ұқыпты тұжырымдамаларын келтіре аламын. Президент атылып түсірілген бомбылаушы ұшақ туралы әңгіме қозғағанда, ресейлік ұшақтың Түркия аумағына кірмегенін, Түркияны шабуылдамағанын нақты айтты. Әрине, бұдан кейін ол өте көп ұқыпты, жұмсақ сөздер айтып, екі тарап арасындағы қарым-қатынастың бұзылғанына кейіс білдіріп, өзінің қарым-қатынасты қалпына келтіруді қолдайтынын білдірді, бірақ оның алғашқы сөздері дипломатиялық тілде кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін нақты білдірді. Міне, осындай беталыс ары қарай жалғасатын болады, – деген сенімде сарапшы. – Қазақстан ары қарай Ресеймен саяси жақындығын арттыра береді, ал содан кейін экономикалық жақындасудың да уақыты келеді. Бұдан Қазақстан бұлтара алмайды, ол алдымен Ресейдің саясатын айқын қолдай бастайды, ал содан кейін ресейлік экономикалық саясаттың егемендендірілуінен кейін өзі де сонымен айналысады.
Осы орайда, Мәскеу түрік тауарларына тыйым салудың Еуропалық одақ елдерінен жеткізілетін азық—түліктерге салынған санкциялар сияқты тиімсіз болатынына алаңдаушылық білдіруде. Өйткені олар салынған тыйымдарды ЕАЭО-ның арқасында айналып өте алады.
– Кері экспорттау мәселесіне келетін болсақ, кез келген көлеңкелі амалдардың пайдаланылуы мүмкін, – дейді Кәсіпкерлердің Алматы ассоциациясының президенті Виктор Ямбаев. – Ресейге кері экспортталған тауарлар бет алады, ол соншалықты көп болмайды – онға жуық біздің кәсіпкерлер ЕАЭО-дағы астыртын амалдарды пайдалануға тәуекел етер, одан ары бармас. Айтпақшы, мен оларды сөкпеймін. Осы түрік санкцияларының барлығы… Түркияны аяп отырған жоқпын, тек осындай санкциялардың салдарынан түрік тауараларын саудалайтын кәсіпкерлер зардап шегуде.
Сарапшының пікірі бойынша, түрік кәсіпкерлері үшін қазақстандық нарық соншалықты тартымды емес – 17 млн адам алып аумақта шашылып жатыр.
– Сондықтан біздің көлік компаниялары кері экспортқа жұмыс істей бастайды. Әрине, олар Ресей аумағында қыспаққа алынады, айтпақшы, ресейліктер мұны керемет құйтұрқылықпен жүзеге асыра алады: кеден, полиция, қылмыстық элементтер, ол жақта мұның барлығы тамаша шыңдалған. Ресей халқының көпшілігі өз елінің экономикасына қарсы жұмыс істеуде – миллиондаған сетификаттар, қорытындылар, сәйкестіктер береді, бірақ өз халқын киім-кешекпен қамтамасыз ете алмай отыр. Бүгінгі таңда тек Қытай дұрыс жолмен келеді, олар жаппай сетификациялау, қажеті шамалы құрылымдар құру жолымен емес, нақты жұмысшы мамандықтар құру жолымен келе жатыр…
– Қалай ойлайсыз Түркиядан келетін кері экспорттау салдарынан Ресейдің Қазақстаннан жеткізілетін тауарларға шектеу енгізуі мүмкін бе?
– Әрине, Ресей бәрін жасай алады. Ол жақта қалай – мемлекеттік саясат өз бетінше, ал кәсіпкерлер өз бетінше. Ресей шектеу енгізеді және барлығын бақылайтын болады…
– Бірақ бұл ЕАЭО-ның ережелеріне қарама-қайшы келмей ме?
– Міне, біз бірыңғай экономикалық кеңістік құрдық, бізде кеден жоқ, Ресей үшінші елдерге қарсы санкция енгізеді, мұндай жағдайда одақтастар не істейді? Сол елдермен байланысты үзу керек пе? Міне, мәселенің барлығы қайда жатыр. Экономикасы дамымаған елдер әрқашан осындай қиындықтарға ұрынатын болады.
– Бұл тығырықтан қалай шығамыз?
– Бұл, барлығын уақыт көрсетеді деген жағдай. Біздің кәсіпкерлер Түркиямен жұмыс істеген болатын, бірақ соңғы девальвациядан кейін жағдай өте қиындап кетті, өйткені Түркияда есеп айырысудың барлығы доллармен жүргізіледі. Сондықтан біз үшін Қытай басты бағыт болып қалуда.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков