Журналист Джоанна Лиллис (Ұлыбритания) алматылық әкім туралы мақала шығарыпты. Оның материалында Бауыржан Байбек «алдына кеудемсоқтық мақсаттар қойған жаңадан өрлеп келе жатқан саяси жұлдыз» және саяси басқарудағы жаңа технологиялардың жақтаушысы ретінде сипатталған.
Еurasianet.org порталында жарияланған материал Алматы әкімінің алғашқы қадамдарын сипаттаудан басталады.
«Ғаламторда Алматыдағы ауруханалардың біріндегі антисанитария туралы ақпарат жарияланғаннан кейін бірнеше күннен соң Алматы қаласының әкімі осы медицина мекемесіне барып, орын алған олқылыққа жауап беруді талап еткен.
Осы пиар-акция мэрдің кеңестік үлгідегі суық әрі жат бауыр өктемдікке үйренген елге ерекше көрінетін басқарудың жаңа стилін таңдағанын меңзейді
Мэр Бауыржан Байбек болашақта да осындай интерактивтік тәртіппен жұмыс істеуге уәде етеді, — дейді әңгімесін жалғастырған журналист, — Қарашада Байбек Алматының 1,6-миллион тұрғынына ағымдағы онжылдықтың соңына дейін қаланың даму жоспары бойынша пікірлерін білдіруге мүмкіндік берді. Мэрия өз сайтына «Алматы-2020» Бағдарламалық даму жобасын орналастырып, қала тұрғындарына ұсыныстары мен толықтыруларын жолдауды ұсынған еді. Бұған дейін Қазақстандағы жергілікті билік мұндай еш нәрсе жасамаған болатын.
— Бұл қадамның мақсаты көпшіліктің сенімін иелену және Алматы тұрғындарымен «сындарлы өркениетті диалог орнату», — дейді қаланың ішкі саясат басқармасының жетекшісі және әкімшілікте орнығып қалған ескі гвардия алшақтатылғаннан кейін Байбек жаңа адамдардан жасақтаған ширақ команданың мүшесі Саясат Нұрбек.
24-қарашада КИПР (Саяси шешімдер институты клубы) талдау тобы ұйымдастырған тұсаукесерде Нұрбек:
мэр жергілікті әкімшіліктің жұмысын өзгертуге құлшынып отыр және сол «өзгерістерді жүзеге асыруға қажетті саяси жігері» де жеткілікті»
деп мәлімдеді.
Бұрын «Нұр Отан» президенттік партиясы басшысының орынбасары лауазымында болған Байбек күтпеген жерден Алматы қаласының мэрі қызметіне тағайындағаннан кейін алғашқы жұмыс күнінен бастап қауырт қызметке кірісті. Ол осы лауазымда алматылықтар арасында соншалықты танымал болмаған, бірақ ол Назарбаевтың сенетін және сенімді серіктестерінің бірі ретінде қала бермек , — деп есептейді Джоанна Лиллис.
«Қамал алатын 41 жастағы Байбек – жаңа саяси буынның өкілі, оның көзқарасына «Болашақ» бағдарламасы әсер етті, аталмыш бағдарлама шеңберінде мемлекет дарынды қазақстандықтарды шетелде өз есебінен оқытады, — дейді әңгімесін жалғастырған ұлыбританиялық шолушы.
Байбек жақында ғана ірі сәтсіздіктерге тап болған қаланы басқаруды қолына алды
Шілдеде Алматы қысқы Олимпиаданы қабылдау құқығына ие болу байқауында тартысты күресте Пекиннен ұтылып қалды. Ал көктемде Назарбаев жаңа халықаралық қаржы орталығының Астанада орналасатынын жариялады, бұл Алматының Қазақстанның коммерциялық астанасы ретіндегі мәртебесін түсіруі мүмкін.
Дәрігерді қызметтен қуу үшін аталған ауруханаға бару 64 жастағы Есімов секілді аға буын аппаратшысының ойына келмеуші еді, бірақ сын айтушылар бұл қадамды ұпай жинау мақсатында жасалған пиар-акция деп атады.
«Байбектің ойлау қабілеті осы лауазымда болған оның алдында болған адамдыкінен мүлдем ерекше, – деді EurasiaNet.org сайтына алматылық сарапшы Виктор Ковтуновский. – Ол үшін қоғамдық пікірдің маңызы зор».
Сондай-ақ Байбек Instagram-да жарықтандырылмаған көшелерден бастап, қиқы-сиқы жолдарға дейінгі қаладағы көптеген қиындықтарға жедел шара қолдануға мүмкіндік бергені үшін алғысқа бөлеген парақ ашып, мэрияны жаңа технологиялар дәуіріне жетеледі.
Instagram-дағы кейбір пікірлер – мэрия қызметкерлерін жұмыс үстінде көрсететін қарапайым жарнама
Басқаларында қаладағы қиындықтар шынайы көсретілген. Мәселен, жақындағы пікірлердің бірінде жол қозғалысы және жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған автобус жүргізушісін жұмыстан шығарғаны туралы хабарланған. Қоғамдық көлік қызметкерлерінің мұндай қылығы үйреншікті дүниеге айналған.
Алайда барлығы өзгерген жоқ. Мәселен, бірқатар жол-көлік апаттарынан және басқа оқыс оқиғалардан кейін қазан айында Алматыдағы трамвай депосының жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім халық тарапынан соншалықты қолдауға ие болмады. Сынаушылар «белсенді азаматтар қаласын» құруды мақсат тұтқан Байбектің бұл шешімі, әкімнің өзі жиі айтатын халықпен ақылдасусыз және жылдам қабылданды.
«Байбектің қала жұртшылығымен диалог жүргізуді ретке келтіруге бағытталған күш жігері жергілікті биліктің автономиясын кеңейту және жұртшылықты шешім қабылдауға тарту жөніндегі күш-жігері үкіметтің ауқымды бағдарламасының бір бөлігі ғана, — дейді қорытынды жасаған Джоанна Лиллис. — Астана бұл бағдарламаны демократияландыру науқаны деп атайды, бірақ сын айтушылар әзірге, оның шын мәнінде еш нәрсені өзгертпегенін айтады.
Бағдарламаның алғашқы кезеңі Астана жергілікті жердегі демократияның зор жеңісі деп атаған, 2013 жылы өткізіліген мэрлердің алғашқы сайлауы болды. Бұрын қала-ауыл әкімдері жоғарыдан тағайындалатын. Енді мэрдің орынтағында отырғандардың 92 пайызы лауазымға сайлау арқылы қол жеткізгендер 〈…〉. Астана жергілікті билік автономиясын кеңейту және жұртшылықты жергілікті жергілікті бюджетке қатысты шешімдер қабылдауға тарту пиғылынан бас тартар емес. Биыл ел үкіметі жергілікті органдардың қаржы мәселесіндегі автономиясын кеңейтті, ал
қаңтардан бастап жергілікті билікке әкімдердің қызметіне бақылау жасайтын және жергілікті бюджет қаржысын пайдалану жөніндегі шешімдерді талқылайтын қоғамдық кеңестерді ұйымдастыру қажет
Нұрбек жұртшылықпен диалог орнату бойынша Алматы бүкіл елге өнеге бола алады деп есептейді. Кейбір тұрғындар бұл іске құлшына кірісті. Мәселен, 10-қарашада құрамына өнер қызметкерлері, саулетшілер және БАҚ қызметкерлері кірген азаматтар тобы Urban Forumды ұйымдастырды. Аталмыш форум — Байбек белсенді түрде қолдап отырған азаматтық диалогты орнатуға қызмет ететін ұйым.
Алматының жаңа мэрі — алдына кеудемсоқты мақсаттар қойған жаңадан өркендеп келе жатқан саяси жұлдыз, бірақ оған жұртшылықтың және президенттің сенімін сақтау үшін аяғын аңдап басу қажет, деп мәлімдеді Ковтуновский 〈…〉. Сондай-ақ Байбекке «аппараттық шиеленістер мен текетірестерде» шыңдалуға тура келеді, бұл Қазақстанның саяси саласындағы үйреншікті дүние, деп есептейді президенттік зерттеу орталығы болып табылатын Қазақ стратегиялық зерттеулер институтының өкілі Юрий Булуктаев.
«Көп нәрсе жаңа әкімнің жұртшылық мүдделері мен түрлі элиталық кландардың материалдық-қаржылық мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қаншалықты таба білетіндігіне байланысты»,
– деді ол Central Asia Monitor басылымына. Булуктаевтың айтуынша, Байбекке үлкен үміт артылып отыр, бірақ ол әлі істе сыналған жоқ. «Азаматтық диалогтың көрінісі ғана жасала ма әлде шынайы нақты қадамдар жүзеге асырыла ма? Аман болсақ — оны да көрерміз», – деді ол».
Джоанна Лиллис — көптеген британдық және американдық басылымдар үшін Орталық Азиядағы оқиғаларды жариялауға маманданған тәуелсіз журналист.
Олардың ішінде Еurasianet.org порталы, The Guardian, The Independent, Foreign Policy басылымдары бар. 1995 жылдан 2001 жылға дейін Мәскеуде BBC World Service Monitoring-ке жұмыс істеген.
В 2001 жылы ол Ташкентке көшіп барып, осы компаниядағы жұмысын жалғастырды. 2005 жылдан бастап Қазақстанда тұрады және қызмет етеді.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков