БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне қатысу — Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың кепілі іспетті. Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов жабық «Астана клубының» отысында Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне ұмтылысын шамамен осы бағытта түсіндірді.
Сөзбе сөз:
— Біздің 23 жылдық тәуелсіз сыртқы саясатымыздың тәжірибесі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Орталық Азияның өкілі болатын кездің келгенін көрсетіп отыр. Осы жылдар бойы біз ауқымды еңбекті талап ететін мемлекеттік құрылыс мәселесімен айналыстық, сыртқы әлеммен қарым-қатынас орнаттық, сондықтан біздің аймаққа ғаламдық қызығушылықтың артуымен қатар, өзімізді де ілгерілетіп, ғаламдық қызығушылықты өсу мәселесіне, біздің дербес дамуымыздың басымдылықтарына және өзіміз тап болып жатқан қауіп-қатерлерге төтеп беруге тарту қажет деп есептеймін.
Біз өз аймағымыздағы бәсекелестіктің түрлі тұжырымдамаларымен таныспыз, бірақ біз оларды қабылдамаймыз
— Біздің тұжырымдамамыз төмендегідей: Біз өз экономикамыздың Орталық Азия және Кавказ елдері экономикаларын қоса алғанда бірнеше артық екеніне қуанбаймыз. Біз Орталық Азиядағы әр мемлекеттің табысты және өскелең болғанына жәрдемдесеміз. Бұл біздің аймақты неғұрлым берік және қуатты, болашақ қауіп-қатерлерге неғұрлым бейімді қылады. Қауіпсіздік кеңесі үшін біздің ұранымымыз қарапайым: адамзаттың өмір сүруіне неғұрлым үлкен қауіп төндіретін ядролық қауіпсіздіктің және су мәселелерінің, азық-түлік, энергетикалық қауіпсіздіктің синергиясы. Егер біздің жолымыз болып, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне сайлансақ, күш-жігерімізді осы мәселелерді шешуге жұмсаймыз.
Белгілі бір жағдайда бұл сөздерді, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі алаңын Орталық Азиядағы тұрақтылық мәселелерін жария ету мақсатында да пайдалануға ұмтылыс ретінде түсінуге болады. Өйткені бүгін терроризмнің неғұрлым өзекті мәселелерін жалғыз шешу бір мәселе болса, оларды БҰҰ-ның қолдауымен реттеу мүлдем бөлек дүние.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков