Валюта девальвациясы — ДСҰ-ға кіргеннен кейін жергілікті өндірушілердің күнін қараң қылу қаупін тудыратын импорттық тауарлар легіне төтеп берудің тамаша құралы. Міне, осындай мүмкіндіктің Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін саналы түрде пайдаланылуы мүмкін бе?
Әрине, теңге девальвациясына көптеген факторлар әсер етті, дегенмен біз ДҰС-ға кіруіміздің салдарынан ол орын алды деп айта алмаймыз. Бірақ ол девальвация «тудырудың» негізгі факторларының бірі:
– Жалпы, ұлттық валютаның девальвациясы не үшін жасалады? Өндірушілердің ел ішінде алаңсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында елдер өз өнімдерінің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін жасанды жағдайлар тудырады. Егер валюта арзан болса, онда тауар бағасы да неғұрлым төмен болады, – дейді Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры Жәнібек Айғазин. – Сондықтан көптеген елдер өз экспортын ынталандыру үшін ұлттық валютаның бағамын азайтып көрсетеді.
Девальвация салдарынан бар-жоғы бірнеше айдың ішінде қазақстандықтардың долларға шаққандағы әл-ауқаты 68 пайызға төмендеген — тиісінше, долларлық тауарларды сатып алу мүмкіндігі азайды, импорттық тауардың теңгедегі бағасы да өсті.
Бұл жерде атап айтарлығы, девальвация импорттық тауардың бағасын өсіру құралы іспетті — ол ДСҰ шеңберінде отандық өндірушіні жанама қорғаудың аз құралдарының бірі. Өйткені бұл жағдайда баж қолдампаздығы іске аспайды. Егер қандай да бір ел, Қазақстан оның мүдделерін қанап отыр деп есептесе (мәселен, жергілікті өндірушіні қолдау мақсатында бажды белгілі бір тауар түріне енгізсе), онда ол ел ДСҰ-ға шағымдануға құқылы, ал біз ешкімнің мүддесіне қысым жасамағанымызды нақты дәйектермен дәлелдеуге мәжбүр боламыз.
Бірақ ондай жағдайда әлемдік алпауыттарға төтеп беру үшін, отандық өндірушілерге қалай қолдау көрсетеміз? Әрине, дотациялар, субсидиялар және т.б. бөліп, материалдық көмек көрсетуге болады. Бірақ бұл жерде алдымызды қайтадан салаларға тікелей қолдау көрсетуді жөн көрмейтін ДСҰ ержелері орайды.
Міне, осы жерде көмекке девальвация сияқты тетік келеді – бәсекелестік тепе-теңдігі үшін ұлттық валюта бағамы ең жоғары кедендік мөлшерлемелерге қарағанда, неғұрлым маңызды рөл атқарады. Және бұл жерде ДСҰ ережелері де шарасыз.
Ұлттық валютаның арзан бағамы импорттық тауарлардың бағасын өсіріп, неғұрлым арзан жергілікті тауарларға артықшылық береді, экспортты ынталандырады. Бұл құралдың жалғыз ғана кемшілігі бар, ол ДСҰ-ға кіруден көрген «тұтынушының жеңісін» жеп қана қоймай, сонымен қатар, оның табыстары мен қорланымдарын да жұтып қояды. Есесіне, әлемдік нарықтың қысымы соншалықты күшті болмайды. Бұл сарапшылардың пікірі бойынша, көптеген адамдар өздерін ұтылғандар қатарына жатқызғанымен, жалпы ел үшін өте маңызды:
– Әлемдік дағдарыстан тыс, Қазақстанның өзінің ішкі қиындықтары да бар, – дейді Жәнібек Айғазин. – Біздің Кедендік одаққа кіруіміз жүзеге асқанда, біздің одақтастарымыз заңдық тұрғыдан біздің бәсекелесімізге айналды. Ал олардың өңдеу саласы біздікінен жақсы дамығандықтан, олар біздің ішкі өндірісімізді алмастырды және біздің ішкі нарықты толық «басып» алды. Енді бізде ДСҰ-ға кірдік, жақында сауда жолын бөгейтін кедергілер толығымен алынып тасталынады.