ВИЧ-дертіне шалдыққандардың толық тізімі оңтүстік астананы шарлап жүр. Дәрігерлер анекдоттағы әйелдер іспетті, құпияны 30-40 адамнан тұратын шағын топтармен ғана сақтай алатын сыңайлы.
Алматының СПИД-Орталығы тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі бөлімшеге «жоғалып кеткен» ВИЧ-дертіне шалдыққан адамдарды тауып беруге көмек беру жөнінде өтініш білдірген хат, оған қоса олардың аты-жөні көрсетілген тізімді жолдапты. Мұны дәрігерлік құпияны құпияны бұзу деп есептеуге болатын сыңайлы. Алайда бәрінен бұрын қол-аяғы балғадай адамдардың «жоғалу» фактісінің өзі шошытады. Яғни, СПИД-орталығы олардың қай жерде, не істеп жүргенін бейхабар.
Тізімде дерек мол: 175 адамның аты-жөні, туған күні және мекен-жайы көрсетілген. Бұл адамдардың арасында өзін басқа есіммен таныстыратындар да бар екен. Олардың арасында бейімдеу (ел арасында қаңғыбастар үйі деп аталады) орталығында болған бір бойжеткен де көрсетіліпті, бірақ 2013 жылдан кейін ол ұшты-күйлі жоқ болған. Сондай-ақ тізімде әскери бөлімшелердің бірінің әскери қызметшісінің, студенттерге арналған емханада тіркеуде тұрған 27-жасар студенттің де есімдері аталыпты. Ол студент болуға кәрі емес пе? ВИЧ-дертіне шалдыққандардың бірі. тіпті. Алматы мен Ақтау арасында қыдырып жүреді екен. Негізінен олардың барлығы 1970-80-жылдарда дүние келген, тепсе, темір үзетін жастар.
СПИД-орталықтың басшысы тізімді жіберудің мақсатын нақты айтып берді:
«Дәрі-дәрмектерді қабылдаудан бас тарту және емделуден жалтару әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады… ол үшін жауапкершілікке тарту халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қадағалау саласына бақылау жасайтын органдардың құзеретіне жатады», — деп жазған өзінің қараша айының басында тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық департаментке жолдаған хатында Алматы қалалық СПИД-орталығының басшысы Талғатбек Бапиев. —
«Аталғандардың келмеуін және Алматы қаласында ВИЧ таралуының жоғары тәуекелін ескере отырып, сізден ВИЧ-дертіне шалдыққан адамдарды іздестіруде көмек көрсетуіңізді өтінемін,
сондай-ақ, әлеуметтік маңызды туберкулез ауруын, қала аумағында тұратын немесе қаладағы емханаға тіркелген әйелдер арасында ВИЧ-тің анадан балаға берілуінің алдын алу мақсатында ВИЧ-дертіне шалдыққан әйелдердің жүкті болуын дер кезінде анықтау үшін. СПИД-орталығы мамандарының сырқаттардың амбулаториялық карталарында көрсетілген мекен-жайларға бірнеше дүркін баруы нәтижесіз болды (үйлерінде болмайды, үйі жоқ қаңғыбастар, басқа адамдар тұрады, жоқ мекен-жайлар және тағысын тағылар). Сондай-ақ біз «Қазпошта» АҚ-ның «Жеке қолына» таңбасына басылған шақыру-хаттарын жолдадық».
Шамасы, Бапиевтің жоғалған адамдардың тағдырына қобалжығаны соншалық, ол өз хатына қоса олардың толық аты-жөні көрсетілген тізімді де беріпті. Әлбетте, бұл 175 адамның аты-жөндерінің әлеуметтік желіде жарияланбағанына шүкір, өйткені бұл сот алдындағы жауапкершілікті қарастыратын дәрігерлік құпияны бұзу болып табылады.
Телефон арқылы байланысып әңгімелескенімізде тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Еркін Дұрұмбетов Алматының СПИД-орталығы басшылығының көмек сұрап, хат жолдағанын растады.
— Еркін Ермекұлы, сіздің департаменттің ВИЧ-дертіне шалдыққандарды іздестіру өкілеттігі бар ма?
— Жоқ, біз СПИД Орталығына жіберген жауабымызда дертке шалдыққан адамдарды іздестіру олар тұратын аумақтағы ішкі істер басқармалары міндетіне жататыны туралы жаздық. Бұл біздің құзыретімізге кірмейді.
СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры Бауыржан Байсеркинді біздің телефон шалуымыз, оның үстіне, хабарлаған ақпаратымыз таң қалдырды.
— Бауыржан Сәтжанұлы, бұл жерде дәрігерлік құпияны бұзу жөнінде әңгіме қозғалып кетпей ме? СПИД Орталығы бұл іспен өзі айналысуға міндетті ме, әлде оның бұл жұмысты басқа біреуге жүтеу құқығы бар ма? Жалпы, бұл бұрын санитарлық-эпидемиялық қызмет мәртебесіне ие болған тұтынушылардың құқығын қорғау органдарының қызметіне кіре ме?
— Жағдай екіұшты. Неге ол (Бапиев. — Ред. ескерт.) мұндай өтініш білдірді? Өйткені қалалық СПИД Орталығында қадағалау-бақылау қызметін жүргізу құзыреті жоқ, ол, мәселен, емханадан қандай да бір пациенттің көмекке жүгінгені немесе жүгінбегені туралы мәліметтерді талап ете алмайды. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет халық арасында инфекцияның тарамауына жол бермеу мақсатында әрекет етеді. Егер Бапиев осы сұранымды жолдаса, ол оны ақпаратты тек қызметік мақсат шеңберінде пайдаланатындай етіп жасауы керек.
ВИЧ-дертіне шалдыққандардың дербестендірілген мәліметтері жаппай көпшілікке қолжетімді болған жағдайда ғана медициналық құпияның жария болуы туралы әңгіме қозғауға болады. Егер тізім еш жерде жарияланбай, дәрігер-эпидемиологтар оны қызметтік мақсат та пайдаланса, онда дәрігерлік құпияны жариялау болмайды.
— Неліктен СПИД-орталық жыл соңында жоғалған пациенттерді есіне алды? Жыл бойы қайда қараған? Неліктен бақылап отырмаған?
— Шамасы, жылдың басында олар бұл адамдармен жұмыс істемеген, ал қазір жыл соңында мәліметтерді ретке келтіру қажеттігі туындаған кезде, олар жұмыс істеуді бастаған.
— Енді бұл адамдарды қалай табуға болады?
— Ішкі істер департаментімен өзара әрекеттесу қажет. Бапиев бұл мәселе бойынша полициямен қатарласа жұмыс істеуі керек еді. Олармен бұл мәселені тікелей шешуге болар еді. Алайда ол қала аумағында инфекцияның таралмауына жауапты тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің көмегіне жүгінген.
«Шығыс Батыс» СПИД-қоры аймақтық жетекшісі Роман Дудниктің орын алған жәйтке көзқарасы мүлдем бөлек. Ол Талғатбек Бапиевтің тірлігін «сандырақ» деп атады, өйткені ВИЧ-дертіне шалдыққан пациенттерді іздеуге ешкім міндетті емес, ал ондай адамдардың тексеруден өту үшін СПИД-орталығына өз еркімен келу құқығы бар.
— Бұл адамдарды іздеудің еш қажеті жоқ, орталыққа келу, келмеу — пациенттің жеке ісі. Біздің заңдылықта келу не келмеу үшін қылмыстық қудалау қарастырылмаған, — деп есептейді қоғамдық қордың басшысы. — Мәселен, кез келген бір адамның ВИЧ-дертке шалдыққаны анықталды? Оған диагноз қойылды, ол тіркеуге алынды, ал одан кейін орталыққа келу, келмеу — оның жеке ісі.
СПИД-орталықтың мақсаты — адамдардың өз еркімен үнемі келуіне және тексеріліп отыруына жағдай жасау. Ал қазіргі таңда ол жердегі жағдайға қарасаң, онда ешкімнің келгісі келмейді. Ешкім ешкімнен тығылып жүрген жоқ, олардың ешқайсысы орталықққа барғысы келмейді.
ВИЧ-дертіне шалдыққандарға жылына 2 рет орталыққа келіп тексеруден өтіп, өз денсаулығын тексеріп отыру ұсынылған. Егер дерт өршіп бара жатса, ем тағайындалады. Мақсат осы. Бірақ бұл тек ұсыныс қана. Ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес. Егер адам дертті басқаларға жұқтырып, таратса, ол оның СПИД-орталыққа баруы не бармауына байланысты емес.
Роман Дудниктің пікірі бойынша, «бой тасалап» жүрген 175 пациентпен болған оқиғада дәрігерлік құпияның жария болуы көзге ұрып тұр.
— Дәрігердің кез келген пациент туралы ақпаратты тек оның үстінен қылмыстық іс қозғалған жағдайда, прокуратураның немесе тергеу органдарының емдеу мекемесіне жолдаған сұранымына сәйкес диагнозды растау үшін беруге құқығы бар. Қалғанының барлығы — заң бұзушылық. СПИД-орталықтың міндеті — ВИЧ-дертіне шалдыққандармен алдын алу жұмыстарын жүргізу, оларды тіркеуге алу, тексеру және емдеу, бірақ өздеріне келмейтіндерді іздестіру олардың құзырына жатпайды.
Бұл ақымақтық іспетті. Ал хат туралы әңгіме сандырақтай естіледі. Біріншіден, бұл дерт сырқаттың маңындағыларға қауіп тудырмайды, өйткені ол тырысқақ не оба емес.
Роман мұндай хаттарды таратудың салдары қандай болатыны туралы мысал келтірді:
— Демек, енді біздің медицинада «дәрігерлік құпия» деген түсініктің болмағаны ғой. Сондықтан СПИД-орталығына тексерілуге келген адам, егер оның ВИЧ-дертіне шалдыққаны анықталса, ол мұның басқаларға құпия, яғни, беймәлім болатынына сенімді емес. Өйткені кейін оны орталықтан іздеп келген Маша апайдың пациентті үйінен таппай, көршісінің есігін қағып: «сіздердің ВИЧ-дертіне шалдыққан көршілеріңіз қайда, ол неге жарты жыллдан бері СПИД-орталығына келмей жүр?», деп сұрауы әбден мүмкін. Шын мәнінде, күнделікті тұрмыста осылай болып жатады. Мұндай жағдай осындай жолдастарға беделді бір адам сазайын тартқызғанда ғана тоқтатылады. Оның осы тізімде болуы ғажап емес.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков