Өзбекстандағы қазақтар бөтен емес — олар елдің көптеген өңірлерін ежелден мекендейді. Алайда бүгін өмір өзгере бастады. Өзбекстандағы қазақ тілінің ахуалы да өзгеруде.
Ресми деректер бойынша бүгін Өзбекстанда 1 миллионға жуық қазақтар тұрып жатыр. Бұл сан жағынан өзбектер мен тәжіктерден кейінгі үшінші халық. Көптеген себептерге байланысты жыл санап қазақтар саны азая түсуде. Солардың бірі — ана тілінде білім алудың қиындығы.
Өзбекстанда тұрып жатқан қазақтарды диаспора санау дұрыс емес. Бұл халық ел аумағын ежелден мекендеп келеді, сондықтан олар үшін Өзбекстан — туған жер.
Қазақтар жинақы түрде Сырдәрия, Науаи, Бұқара, Ташкент облыстарында және Қарақалпақстан республикасында орналасқан. Ел астанасы Ташкент қаласында 100 мыңға жуық қазақ тұрып жатыр.
Елде қазақ тілінде білім берудің бастауыш жүйесі қалыптасқан. Өзбекстан қазақтары республикалық ұлттық-мәдени орталығының мәліметтері бойынша, қазақ тілінде білім алу елдегі 441 мектепте қолжетімді. 190 мектепте білім беру тек қазақ тілінде жүзеге асырылуда.
Ташкенттегі №290 мектеп — қазақ балалары ана тілінде білім алатын жалғыз білім ошағы. Бұл мектептің мақтанышы — қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Салеха Досымбетова.
Ол білім ордасында 1978 жылдан, яғни, Ташкенттегі педагогика институтының қазақ филологиясы мен әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін еңбек етеді. Бүгінде Салеха апайдың зейнеткерлікке шыққанына қарамастан, ұжым ол кісіне жібергісі келмейді. Жемісті еңбегі үшін ол «Шухрат» («Даңқ») медалімен марапатталған, бүгін жас мұғалімдерді тәрбиелеп отырған тәлімгер.
— 70-жылдары мектеп таза қазақ тілінде білім беретін. Уақыт өте келе балалардың аз болуы салдарынан қазақ сыныптарының саны қысқара бастады, — дейді өткен күндерді еске алған Салеха апай.
Қазір бұл білім ордасын қазақ мектебі деуге болмас. Мұнда қазақ сыныптарымен қатар өзбек, орыс және корей тілдерінде білім беретін сыныптар да бар.
Биылғы жылы бірінші қазақ сыныбына небәрі 12 бүлдіршін келді. Ал бұл биыл бірінші қазақ сыныбы болмайды дегенді білдіреді. Сондықтан ата-аналарға не өзбек, не орыс тілін таңдауға тура келеді.
Қазақ сыныптарында барлығы 130 оқушы оқиды. Оқулықпен Өзбекстанның білім министрлігі қамтамасыз етеді.
— Оқулықтарға мұқтаждық жоқ, бірақ физика, жағрафия және химия пәндерінің мұғалімдері жетіспейді. Бұл пәндерді өзбек тілді мұғалімдер оқытады,- дейді Салеха Досымбетова.
Мектептегі 52 ұстаздың 20-сы — қазақ тілінде білім беретін мамандар. Қазақ тілінде білім беретін мұғалімдер мен мамандар құрамында қазақ филологиясы мен әдебиеті факультеті бар Ташкент, Гүлістан, Науаи және Нүкіс қалаларындағы педагогика институттарында білім алады. Науаи мемлекеттік университеті жеті мектеп пәндері бойынша мамандар дайындайды.
Өзбекстан 9 жылдық оқу жүйесін қабылдаған — бұдан кейін мектеп түлектері білім алуды колледждер мен лицейлерде жалғастыруға міндетті.
Міне, осы кезде қазақ мектептерінің түлектері үшін басты қиындық туындайды. Елдегі колледждер мен лицейлердегі білім беру тек өзбек және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақ балалары білім алуды тек Науаи облысындағы 2 колледжде ғана ана тілінде жалғастыра алады.
Басқа өңірлердегі қазақ мектептерінің түлектеріне білім алуды не өзбек, не орыс тілінде жалғастыруға тура келеді.
Өзбекстан қазақтары ұлттық-мәдени орталығының мәліметтері бойынша, қазақ тілінде білім алған түлектердің жартысы лицейлер мен колледждерді аяқтаған соң көршілес Қазақстанға қоныс аударады.
2014 жылы Қазақстан үкіметі қазақстандық жоғары оқу орындарында (ЖОО) білім алу үшін өзбекстандық абитуриенттерге үш мың грант бөлді. Бір жылдық қазақ тілі курсын аяқтаған соң олар университеттер мен институттардың студенті атанады.
Қазақстанның ЖОО-ларын бітірген түлектердің 50 пайызы Өзбекстанға оралмайды. Оның бірнеше себептері бар:
Қазақ жастарының Өзбекстаннан қоныс аударуы — осы елдегі қазақтар саны қысқаруы себептерінің бірі. Ересектер де оралман ретінде көшіп жатыр.
Сондықтан бір кезде 120 мың қазақ тұрған Науаи облысында бүгінгі күні олардың 40 мыңы ғана қалған.
Өзбекстанда елге еңбегі сіңген қазақтар аз емес. Мәселен, ташкенттік қазақтар ирригация және мелиорация институтының профессоры Бәкір Серіктаев, филолог Қолдыбек Сейданов және ТашМУ-дың тарих профессоры Шырынбек Оразымбетов сынды қазақ ғалымдарын мақтан тұтады.
Өзбекстанда осы ғалымдардың ізбасарлары табылар ма екен? Әрине, бұл күрделі сұрақ. Әй, табыла қоймас. Заманауи қазақ жастары басқаша ойлайды және Қазақстанға үмітпен көз тігуде. Олардың қоныс аудару ниетін түсінуге болады, бірақ…
— Мен Ташкентте ең болмаса. бір қазақ мектебінің қалғанын қалаймын, — дейді Салеха Досымбетова.