Қазақстандықтар теңге бағамының өзгеруін үрейлене бақылауда. Таблодағы теңге бағамы туралы ақпараттың күніне емес, сағатына бірнеше рет өзгеруі қашан орын алып еді? Осының салдарынан болашақтағы ахуалдың қалай болатыны туралы түрлі сөздер пайда болуда. Халықты кезекті рет тыныштындырған Ұлттық банк күдікті одан сайын қоюландыра түсті.
Бүгін халық абыржу үстінде: біреулер табыс тапсам деген үмітпен түрлі банктерден долларды сатып алу және сатумен айналысуда. Басқалары жаңа валюта «алтын» туралы әңгңме қозғауда. Сөйтіп, валюта жаңалықтарын талқылаған Қазнет пікірлерден көз аша алмай отыр. Сонымен, бизнеске және қарапайым адамдар неге дайын болу керек. Екі сұраққа жауап іздеген 365info сарапшыларға жүгінді:
Еркін жүзуге жіберілген теңгеге не болды және біздің ұлттық ақшамызды жақын арада ЕАЭО-ның бірыңғай валютасы алмастыра ала ма?
– Долллармен болып жатқан қарбаласқа бағамның күрт өзгеруіне жол берген адамдар жауап беруге тиіс, – дейді экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов. – Яғни, қазір болып жатқан нәрсе – нағыз анархия.
– Яғни, қазір американдық валютаның бағамын осылай күрт өзгертуге ешқандай экономикалық алғышарттардың болмағаны ма?
– Мен солай деп есептеймін.
– Сіздің ойыңызша, қазір доллар қандай деңгейде болуы тиіс?
– Түрлі нұсқаларды айтуға болады, бірақ олардың барлығы тура болмайды, өйткені болжамды экономикада нақтылық болғанда жасауға болады, ал бүгін нақтылық туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Сондықтан қазір қандай да бір цифрлар туралы әңгіме қозғаудың еш пайдасы жоқ. Мен болжам жасауға тәуекелге бармас едім.
– Мүмкін алтынды енгізетін кез келген болар?
– Егер қазір алтынды енгізсек, бұл тікелей азамат соғысына жол ашады деп ойлаймын.
Қазақстандық басқа экономистер де
қазір өңірлік жаңа валюта туралы әңгіме қозғайтын кез емес
деп есептейді.
– КО елдерінде бірыңғай валюта құру туралы көптен бері айтылуда; бірақ қазір бұл бос қиял, – деген сенімде Қолданбалы экономиканы зертттеу орталығының директоры Жәнібек Айғазин. – Мұндай мәселені атүсті шешуге болмайды. Еуропаға мұндай қадамға бару үшін 40-50 жыл кетті.
Экономистің айтуынша, бүгінгі бағамдық өзгерістерді бақылаудың «мүмкін еместігін» биліктің не болып жатқандығын мүлдем түсінбеуімен және Федералдық резервтік жүйенің (ФРЖ) пайыздық базалық мөлшерлеме бойынша шешімінің екіұшты болуымен түсіндіруге болады.
– Теңге бағамы және әлемдік экономиканың ахуалы, көп ретте Вашингтонда қандай шешім қабылданатына тәуелді. АҚШ-тың ФРЖ-сы базалық мөлшерлеме мәселесін қарастыруда. Егер ол көтерілетін болса, ол доллардың нығаюына және әлемдік экономикадағы (біздің елдегі сияқты) мәселелердің туындауына әкеліп соғады. Қазір ол 0,25 пайыздағы төменгі деңгейде.
– Яғни, қазір біздің экономиканы біржолата құлдырату немесе төтеп беруге азғантай мүкіндік беру американдықтардың қолында болғаны ма?
– Қазір біздің елімізде не болып жатқанын ешкім түсініп отырған жоқ. Барлығы ФРЖ-ның шешімін күтіп отыр, біз жалпы әлемдік трендтеміз. Егер Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені көтерсе, бізді күшті доллардың дәуірі күтіп тұр. Бұл қәзір девальвациямен арпалысып жатқан барлық дамушы елдердің хәлі мүшкіл болады деген сөз. Доллардың күшеюі мұнай бағасының одан ары құлдырауына әкеліп соғады. Егер қазір Brent баррелі 44 — 46 долларға сатылса, ФРЖ базалық ставканы көтергеннен кейін мұнай бағасы тіпті 40 доллардан да арзанға түседі.
– Біздің пайдамызға шешілмей, ФРЖ мөлшерлемені көтеретін болса, бідің Үкімет пен Ұлттық банк қандай қадамдарға барады?
– Ұлттық банкке интервенциялар жасауға тура келеді. Қымбат доллар – экономикаға қауіп. Қазір Ұлттық компаниялар зиян шегуде, жағдайды, тіпті, қысқартулар да, 4 күндік жұмыс аптасына көшу де оларға жағдайды түзетуге мүмкіндік бермейді. Металлдың бағасы үш жылдан бері құлдырау үстінде. Мұнай ең төменгі деңгейде. Қытай біздің мұнайды да, металлды да сатып алып жатқан жоқ. Қазір дүкендердегі қорды жеп біткеннен соң дүкендердегі бағаны көтеру жағына қарай түзетуге тура келеді.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков