Қазақстан футбол федерациясына жаңа басшы қажет деп санаған президент жиені жалпы талқыға өзін осы лауазымға үміткер ретінде ұсынды. Сөйтіп, қазақстандықтарды бір таңқалдырды.
Қазақстан футболының жетістіктері назардан тыс қалған жоқ. Күні кеше ғана Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығын ауыстыру туралы ұсыныс түсті. Басшы лауазымына өз кандидатурасын Қазақстан президентінің жиені Айсұлтан Назарбаев ұсынды.
„Өткелде ат ауыстыру қажет пе„ және, жалпы, бұл бастама қайдан шықты деген сұрақтарды біз қазақстандық саясаттанушыларға жолдадық.
Айдос Сарым, саясаттанушы:
— Мұның саяси кеудемсоқтықты көрсету екені түсінікті. Қазір оның қайда бағытталғаны туралы айту қиын. Бірақ қалай болса да футбол — кеңінен таралған халықтық ойын, сондықтан бұл саладағы жетістіктер федерация басшылығына да ұпай береді. Әлбетте, ешкім Айсұлтан Назарбаевқа өзі туралы мәлімдеуге, сайлауға қатысуға және т.т., тыйым сала алмайды, бірақ біздің шенеуніктер өте жалтақ, әсіресе, футболда. Оның ойыншы, футболшы ретіндегі тәжірибесі қандай, менеджер ретіндегі біліктілігі қаншалықты жоғары? Әлбетте, мұндай сұрақтар көп.
Ол бұл үндеуді бекер жазды деп ойламаймын. Біз Батыс емеспіз. Қазір футбол тренді көтерілу үстінде: «Астана» футбол клубы, «Кайрат», басқа клубтар да жақсы жетістіктерге жетуде. Азды-көпті қаржы да құйылды, сөйтіп, қазір футболдың жағдайы, шүкір, жаман емес. Бұл футболға не береді, ол басқа мәселе. Біздің жағдайда бұл іспен кәсіби білікті маманның айналысқаны жөн болушы еді.
Енді, тағы кімнің үміткер болатынын қарау керек. Олардың саны неғұрлым көп болғаны дұрыс, сонда таңдау болады. Бұрынғы бапкерлер, мамандармен қатар бизнесмендер де федерация басшысы болуға ниет білдірсе, ұтар едік. Бұл біздің елде кәсібилікке, іскерлікке басымдық берілетінін білдіруші еді. Ал егер қорытындысында бір ғана адам болса, қандай да бір қорытынды жасауға болады. Оны көре жатармыз. Біздің елімізде барлығын жайлы орналастырып, жайғастырса болды, әсіресе, лауазым тиісті саяси немесе экономикалық дивиденттер әкелетін болса.
Петр Своик, саясаттанушы:
— Мұндағы ең қызығы — мұндай тұрпаттағы үндеудің бірегей жариялылығы. Әрине, бұл адамдардың өзін өзі маңызды лауазымға алғашқы ұсынуы емес.
Бірақ мұндай мәлімдемені алғаш рет жариялылыққа арқа сүйеп ашық жариялап отыр.
Егер Айсұлтан үндеуді неге ашық жариялады деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, жауаптың қызық нұсқаларына тап боласың. Шамасы, ол өзіне қоғамдық қызметпен міндетті түрде айналысу қажет деп ойлайтын болу керек. Бұл тұрғыдан алсақ, оның ойы дұрыс.
Естеріңізге салсақ, 2014 жылғы желтоқсанда Ерлан Қожағапанов ҚФФ президенті лауазымында болған Әділбек Жақсыбековты алмастырды. Оның алдында Қожағапанов Астана әкімінің орынбасары, ҚР Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттік төрағасы қызметтерін атқарған болатын. Бүгінгі таңда Ерлан Қожағапанов сондай-ақ «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры (2015 жылғы 15-шілдеден бері).