АҚШ орталық банкінің басшылығы пайыздық мөлшерлемені көтермеу туралы шешім қабылдады, сөйтіп, оны бірнеше жылдардан бері рекордтық төмен деңгейде тұрған мөлшерлемені — 0-0,25 жылдық пайыз — қалдырды.
Федералдық резерв жүйесінің төрайымы Джанет Йелленнің айтуынша, ФРЖ басшылығы болашақта еңбек нарығындағы ахуалдың жақсарып, инфляция деңгейінің экономика үшін оңтайлы болып табылатын 2 пайызға дейін өскенін қалайды екен, — деп хабарлайды „Голос Америки.
Бейсенбіде Вашингтонда Йеллен журналистерге мөлшерлемені көтеру туралы мәселені талқылаған ФРЖ басшылығының екі күнге созылған мәжілісінің қорытындысы бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Бұл көтеру (егер ол орын алғанда) он жылдағы алғашқы көтеру болушы еді, көптеген ресми тұлғалар биыл ФРЖ-ге мөлшерлемені аздап көтеруге болушы еді деп санайды.
ФРЖ пайыздық мөлшерлемені қаржы дағдарысы кезінде рекордтық төменгі, нөлдік деңгейге дейін әдейі төмендетті, ол осылай экномикалық өсімді ынталандырмақ
Атап айтарлығы, алда ФРЖ-ның тағы екі мәжіліс бар — 2015 жылғы қарашада және желтоқсанда.
Егер АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені көтерсе, бізде „күшті доллар дәуірі орын алушы еді„.
«Әлемдік валюта резервіндегі доллардың үлесі — 60 пайыз шамасында, халықаралық валюта операцияларында — 40 пайыз шамасында. Жаһандық экономика үшін оның маңыздылығын ескерсек, ФРЖ шешімі барлық қаржы нарықтарына қатты әсер етуші еді», — деп есептейді ресейлік сарапшы Александра Таранникова.
Осыдан біраз бұрын ғана төменгі мөлшерлеме инвесторларды неғұрлым табысты құралдар іздеуге мәжбүрлейтін, сондықтан 2009 жылдан бастап капитал дамушы нарықтарға жіберілген болатын. Федералдық резерв монетарлық саясатты қатайтқаннан кейін капитал бірден АҚШ-қа бағытталушы еді.
Дамушы мемлекеттерде валюта девалвациялары орын алып, қор индекстері құлдыраушы еді
Қазақстан (Әзірбайжан, Ресей, Венесуэла және т.б.) үшін тағы бір маңызды фактор — мұнайдың құны. Доллардың күшеюі көмірсутектері бағасының (олардың бағасы америкалық валютаға бағдарланған) құлдырауына әкеліп соғады. Қазіргі таңда эталондық Brent маркасының баррелі 46 доллар шамасында саудаға шығарылуда. ФРЖ-ның базалық мөлшерлемесін көтеру мұнай бағасын 38 долларға дейін төмендетуші еді.
Қорытынды біржақты. Болар іс болды, оған біреуді кінәләу орынсыз. Сондықтан қыңсылағанды қойып, іске бел шеше кіріскен жөн.