Алматының дене шынықтыру және спорт басқармасындағылардың айтар уәжі жоқ — экс-қылмыскер Байтілеуді балалармен жұмыс істеуге қабылдау кезінде ресми тұрғыдан алғанда ешнәрсені бұзбаған.
Олимпиадалық резервтің №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі директорының лауазымына бұрын сотты болған адамның келгені туралы оқиға күш алып келеді. «Салтанат себепкері», Разбек Абілмәжінұлы Байтлеу аяқ астынан еңбекке жарамсыздығы бойынша демалысқа кетіпті, ал қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасындағылардың айтар уәжі жоқ — бұрын кісі ұрлаған адамды жұмысқа қабылдау кезінде олар ештеңені бұзған жоқ.
Төменде 365info медиа-порталы журналисінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Хаирболат Хайдаровпен телефон арқылы болған сұқбатты қаз қалпында келтіріп отырмыз.
— Осындай маңызды лауазымға сонда өмірбаяны бар адамның қалай келгені туралы білейік деп едік…
— Жұмысқа қабылдаудан бұрын біз прокуратураға сауалнама жолдаймыз, біздің қолымызда „мәліметтер жоқ„ деп жазылған құжат бар.
— Яғни, сол кезде соттылықтың күші жойылған ба еді?
— Бімеймін, мен ешқандай түсініктеме бере алмаймын, менің қолымда құжат бар, соның негізінде мен одан ары шешім қабылдауым керек болатын.
— Айтыңызшы, сіз, жалпы, оның өмірбаянында сондай соттылықтың болғанын біліп пе едіңіз?
— Жоқ. Егер білсем, мен не?..
— Олай болса, біздің порталға кіріп, жарияланымды қарауыңызға болады…
— Мен көрдім, сондықтан біз барлығын қайтадан тексеріп шықтық, біздің тарапымыздан ешқандай тәртіп бұзушылық жоқ, бұл оқиғаға келетін болсақ, мен ешқандай түсініктеме бере алмаймын, өйткені мен — құқық қорғау органы емеспін.
— Ал этикалық тұрғыдан — бұл дұрыс па? Тіпті, күші жойылған соттылық болса да.
— Әлбетте, бұл қалыпты дүние емес.
— Ал бұдан кейін сіз қандай да бір шара қолданасыз ба?
— Егер ол барлығы дұрыс деп ойласа, ол бізге сот арқылы қысым көрсете алады, құдай үшін. Бірақ мен қазір ешқандай шара қолдана алмаймын, өйткені менің қолымда құжат бар — жұмысқа қабылдауға негіз берген сауалнама.
— Түсінікті, ал ол қашан директор болып тағайындалды?
— 2012 жылғы маусымда не шілдеде.
— Айтыңызшы, оның қадай да бір спорттық білімі немесе спорттық жетістіктері бар ма?
— Ол, жалпы, республикалық спорт комитетінің қызметшісі болған, өйткені бізге Қаскелең маңында салынып жатқан олимпиадалық дайындық орталығынан ауысып келген. Оның сонда жұмыс істегенін біле отырып, қалай мен оны жұмысқа қабылдамаймын?
— Ол онда қай жылдары жұмыс істеген?
— Оны қарау керек.
Қазіргі кезде Байтілеу мырза, оның хатшысының айтуынша, отаға дайындалып жатқандықтан және телефон қоңырауларына жауап бермеуіне байланысты, біз сол „қылмысты„ жылдардың хронологиясын өз бетімізбен қалпына келтіріп көрдік. Соттылық туралы анықтама бойынша, ол кезде фамилисы Өмірзақов болған Разбек Байтілеу кісі ұрлағаны және бопсалағаны үшін 1998 жылғы сәуірде тұтқындалған, 1999 жылы сот кезінде „бопсалау„ бабы „қарақшылық„ болып қайта жіктелген, бірақ айыптауға „озбырлық„ қосылды, а 2000 жылы Жоғарғы соттың қаулысымен „қарақшылық„ „тонаушылық„ болып жіктелген.
Спорттық фукнкционер қатаң жаза тағайындалды — ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Осылайша, 2012 жылғы маусымға, яғни, №2 БЖСМ-ға жұмысқа орналасуының болжамалы мерзіміне дейін, теориялық тұрғыдан Разбек Байтілеу өзіне кесілген жазаны өтеп, осы соттылықты жойып, соттылық туралы „таза„ анықтаманы ұсынуы әбден мүмкін ғой.
Тағы бір қызық деталь: 2009 жылы Д. Серикбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті әр жылдардағы түлектермен қатар Байтілеу мырзаны «Жоғары жетістіктері үшін» төсбелгісімен марапаттаған, атап айтарлығы, ол марапатқа спорт шебері және Олимпиадалық дайындықтың республикалық спорт мектебінің директоры ретінде ие болған.
Міне осы жерде күмән тудыратын жәйт бар, марапат сәтінде Қылмыстық кодекстің үш ауыр бабы бойынша сотталған адамның қолында соттылығы жойылғаны туралы анықтама болуы мүмкін емес. Бұл жерде екі жағдай болуы мүмкін: не ол Олимпиадалық дайындықтың республикалық мектебінде заңсыз еңбек еткен, не болмаса, байқауды ұйымдастырушылар шатасқан болар.
2012 жылы, спорттық функционер БЖСМ спорт мектебі директорының креслосына жайғасқанда, қолданыста болған „Білім туралы„ Заңы 51- бабының 5-тармағында „Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге педагогтiк қызметiне сот үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жiберiлмейдi„ деп нақты көрсетілген.
Орайы келгенде айтайын, 2014 жылғы 3-маусымда білім туралы заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін осы баптың осы тармағынан „…сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жiберiлмейдi„ деген сөздер ұшты-күйлі жоқ болған.
Адамгершілігі мол заң шығарушы орган бұрынғы қылмыскерлерге мол мүкіндіктер берген, сондықтан бопсалаушылар мен кісі ұрлалаушыларға — мектепке қош келдіңіздер демекпіз бе?
№2 БЖСМ басшысының өмірбаянынан тағы бір қызық факті: 2011 жылғы сәуірде Разбек Байтілеу „Педагогика„ мамандығы бойынша „профессор„ атағына қайта атесттаудан өткен. Осы орайда, үш ауыр бап бойынша соттылық спорттық функционердің қарқынды педагогикалық қызметін айналып өткендей әсер қалдырады
Разбек Байтілеудің қылмыстық өткен жолы туралы бірінші жарияланым шыққаннан кейін қазақстандық спорт порталдарының бірінде материалдың Разбек Әбілмәжінұлының атынан жазылған-мыс екіұшты түсініктеме пайда болған.
Жалғасы бар.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков