ЭКСПО-2017 Қазақстан үшін әу бастан-ақ имидждік, көрсеткіштік жоба болған еді. Алайда көрме мен компанияның имджіне жауап беретін «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі бізге одан күткенімізді көрсете алмады.
Егер ЭКСПО болмағанда, біз не жайында білмеуші едік:
Грузияның бұрынғы экономика және тұрақты даму министрі Вера Кобалия ЭКСПО-2017-де жобаның мәселелерін халықаралық аренада ілгерілету мәселелеріне жетекшілік жасаған болатын. Верониканың лауазымда қысқа мерзім (бар-жоғы 5 ай) болғанын ескерсек, грузин маманының елеулі нәрсе жасауға мүмкіндігі болған жоқ. Вероника Кобалия қазақстандықтардың есінде тек Facebook әлеуметтік желісіндегі кикілжіңмен қалды:
— Миланда болған Экспо-ға қатысқан журналистер мен блогерлер елге Тбилиси мен Батуми арқылы оралды. Бұл жоспарланған ба? Грузияның қандай қатысы бар? Мұндай айналма кімнің есебінен жүзеге асырылмақ? Егер бюджет есебінен болса, келесі сұрақ туындайды: халық ақшасы есебінен кім Грузия туризимінің көсегесін көгертіп отыр? Мүмкін бұл сұраққа «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасының орынбасары Вероника Кобалия жауап беретін шығар? — деп жазды әлеуметтік желілерде блогер және тележүргізуші Ғалым Байтұқ.
Кобалия, Батуми, Тбилиси деген үш сөзді TAV түрік компаниясы біріктіреді.Вера Кобалия Грузия министрі болған кезде TAV-тың басқаруына Батуми және Тбилиси әуежайларына берген еді. ЭКСПО-2017-ден кеткен Кобалия бірден Батумиге аттанды. Сірә, ол жерде Кобалия өзін үйіндегідей сезінетін шығар. Әлбетте, батумдық бағдар қазақстандық блогерлер үшін ежелгі серіктестерінің мүддесін қорғау емес, тек қонақжайлық белгісі. Бірақ кімнің есебінен екені белгісіз.
Миландағы павильонға біздің еліміз 17 млн еуро жұмсапты. Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесінің баспасөз-турына еліміздегі танымал (!) Орда FM радиостанциясының жүргізушісі Антон Зыкин, блогерлер Полина Шиманская мен Жанна Ильичёва, тележурналист Жайна Сламбек және ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Мұрат Әбенов барыпты. 17 млн еуро жұмсалған біздің елдің павильонының қаншалықты жақсы болғанын осы адамдардың БАҚ-тағы мақалаларынан оқып, білуге болады.
Мәселен, Жанна Ильичева 7news.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында біздің павильон жанында сахна орнатылып, үнемі концерттер берілгенін айтқан:
— Қазақ тіліндегі әндер орындалды, ұлттық киім киген артистер билеп жатты, домбырамен күй тартылып, қобыздың да дауысы шығып жатты. Сахнаның жанынан мейрамхана орын тепкен, ол жерден жүрек жалғау үшін орын табу оңай болмады, әлбете мейрамхана ақылы болды, әрі бағалар да еуропалық деңгейге сай болды.
Өкінішті, бірақ Ильичеваның сұқбатында Қазақстанның не көрсеткені – экспозициялар мен көрме залдары туралы бір ауыз сөз жоқ. Сонда біздің павильон адамдардың есінде несімен қалды?
Айтпақшы, еуропалық бағалар жайында «Деловой Казахстан» ашық жазған. Басылым авторы Берлин Иришев, оқырмандарға Италиядағы біздің павильонмен қалай танысқанын баяндап берген:
— бұл павильондағы таң екі рюмка арақтан және 20 евро тұратын шошқа етінен жасалған кәуәптан басталады
Айтпақшы, Жанна Ильичева былай деп жазған: «итальяндықтарды ренжіткім келмейді, бірақ сапар барысында мен еттің аз болғанын қатты сезіндім». Шамасы, 20 еуро тұратын шошқа еті көңілінен шықпаған болар.
ЭКСПО-2017 баспасөз қызметінің PR-белсенділігі өзіндік сипатта болды. Материалдардың елеулі бөлігі Қазақстанда дәстүрлі түрде көпшілік үшін шығарылмайтын кербез басылымдарда жарық көрді, көп ретте олар байыкеш-күйеуінің ақшасын оңды-солды шашуға әуес еріккен әйелдердің ойыншығы іспетті. Сондай-ақ ЭКСПО-2017 логотипін көпшілік Геннадий Головкиннің соңғы жекпе жегі кезінде көрді, бұған таң қалғандар аз болған жоқ. «Деловой Казахстан» бұл турасында былай деп жазды: «көрме қонақтарын Астанаға оларды әдемілеп сабап алу үшін шақырғандай әсер қалдырды! Айтпақшы, елордада соққыға жығылған шетелдіктер аз емес».
Дегенмен, сыланып-сипанған ұлттық компания баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкейдің бұған айтар уәжі жоқ емес:«Адамдар ЭКСПО-2017 туралы ештеңе білмейміз, сендер ол турасында жеткілікті ақпарат бермейсіңдер дейді. Ал шын мәнісінде, адамдар ғылыми немес экономикалық сипатағы сараптамалық мақалалардан жалыққан, оқығылары келмейді. Бүгін бізге «Твиттерде» бір-екі ауыз сенсациялық хабар берсек жеткілікті. Қоғам соған үйренген. ЭКСПО-ны жақсы көрмеу тренді орын алған». Яғни, баспасөз нашар жұмыс істемейді емес, біздің адамдар түйсіксіз, ешнәрсені түсінбейді.
Жарнаманың негізін қалаушы Дэвид Огилви бірде былай деген еді: «Тұтынушы — нақұрыс емес, ол сенің әйелің». Жақсы кеңес. Өкінішті, бірақ ұлттық компания оны пайдаланбайды.
Тағы да — Twitter туралы дәйекпен келісуге болушы еді, егер ЭКСПО-2017-нің PR-командасының интернет-белсенділігі шын мәнінде көптің көңілінен шығып жатса. Алайда компанияның ресми сайты оны керісінше жоққа шығарып отыр. Шілдеге, яғни, ЭКСПО басшылығы ауысқанға дейін, сайт қызық жағдайда болған еді. „Мейрамханалар„ бөлімі дайындалып жатқан еді, ал „Туризм„ бөлімі ешқандай қызықшылық тудырмайтындай жағдайда болатын. Әсер қалдыратын фотосуреттер бейнероликтер болған жоқ. Қазақстанның көрнекті жерлерінің төртеуі бойынша ғана мәліметтер берілген. Атап айтарлығы, тізімді соншалықты сәтті емес Қызылорда облысы бастап тұр. Алайда бізді таңдадырғаны „Босуақыт„ бөлімі, онда әлі толтырылмаған келесі айдарлар орналастырылған: «Сауда орталықтары», «Банкет залдары», «Кафе/Бар/Клуб», «Фаст фуд» және «Мейрамханалар». Көрмелер, мұражайлар, галереялар, театрлар, кинотеатрлар туралы бірауыз сөз жоқ. Яғни,
құрметті қонақтар, Астанаға тамақ ішуге, дүкен аралауға келіңіздер, көрнекі жерлерді, мұражайларды, көрмелерді, экскурсиялар мен парктерді қайтесіз!
Осы жұмысқа жауаптылардың тағы біреуі — компанияда 5 жыл еңбек еткен Әсел Қожақова. Оның жұмыс тәсілі туралы «Деловой Казахстан» былай деп жазады: «редакцияның бұл департаментпен жұмысы ұлттық компания тарапынан негізінен жас қыздар мен әйелдер қатысқан жалықтыратын хат алмасудан аспады. Көрме PR-ы бойынша кімнің кіммен жұмыс істейтіні, қай жерде және қандай прайс-парақатр бойынша БАҚ-та ақпараттық материалдар орналастырылатыны, буклеттер мен кәдесыйларды қай жерден сатып алу туралы ақпараттар құпия күйінде қалған.
Әсел өз лауазымынан Талғат Ермегияевті тұтқындаудан бір-екі апта бұрын кеткен. Бірақ бұл ЭКСПО-2017-нің PR-командасына ескі сарынмен жұмыс істеуіне кедергі болмады. Біздің редакция Вера Кобалияны жұмысқа кімнің және қандай шарттармен тартқанын білмекші болғанда, „ол сіздердің шаруаларыңыз емес„ деген мазмұндағы жауап алдық. Негізінде, Грузия экс-министрінің Қазақстан үшін қаншалықты тиімді жұмыс істегені және тиімді менеджер атағын қаншалықты ақтағаны маңызды емес, маңыздысы, оның қызметі қатаң сақталатын құпия ретінде қалып отыр. Басқаша айтқанда,
Вера Кобалия жұмысының нәтижесін біз еттен ашыққан блогерлерді Батумиге қонаққа шақыру нәтижесі арқылы біле аламыз — бар болғаны осы. Әлбетте, бұл керемет әсер қалдыратын жетістік.
2015 жылғы мамырда ЭКСПО 2017 ұлттық компаниясы халықаралық ұйымдарға есеп берді. Атап айтқанда, Парижде Халықаралық көрме бюросы Бас ассамблеясының мәжілісінде. Ол есепте не болғаны бізге беймәлім. Десек те, компанияның PR-қызметі қазақстандықтарға бұл турасында хабардар етуі керек еді. Бірақ… Бұдан кейін бар-жоғы бір-екі аптадан кейін ЭКСПО-2017-нің басшысы Талғат Ермегияев қаржыны жымқырды деген күдікпен орнынан тайды. Сірә, Париждегі баяндама ЭКСПО бойынша жағдайды мүлдем басқаша баяндаған болар. Өзінің мақсатты аудиториясының интеллектін 200 белгіге дейінгі мәтінде қабылдауға қабілеті еместей ететін PR-қызметінің осы айырмашылықты көрсетуге батылы жетпеді. Мүмкін, өзі де сол есептің мән-мағынасын түсінген болар.
Мақаланы қазақшаға аударған Қайрат Матреков