Белгілі болғандай, ҚР Ұлттық банкінің директорлар кеңесі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру жөніндегі бағдарламаны мақұлдады. Бағдарлама аясында несие алған азаматтардың қарызын жеңілдету үшін келесі шараларды жүзеге асыру қарастырылған: сыйақы, комиссиялар, айыппұл бойынша жиналып қалған қарыз сомасын кешіру (жою); несие валютасын өзгерту; несие мөлшерлемесін 3 пайызға дейін төмендету.
Несиегерлерге көмек көрсету туралы жаңалықты қоғам біржақты қабылдаған жоқ. Өмірі несие алып көрмеген адамдар наразылық танытып, өз міндеттемелерін орындамайтындарға неліктен мемлекеттік ақша есебінен көмек көрсетілуі тиіс деген сұрақ қоюда. 365info.kz порталының осы және басқа сұрақтарына Қаржы қызметтерін дамыту жөніндегі ұлттық қордың төрағасы Михаил Кленчин жауап береді.
— Михаил, сонда әділдік қайда? Мен салықты біреудің дәрменсіздігін өтеу үшін төлеймін бе?
— Рас, 130 миллиард туралы естіген көптеген адамдар мемлекеттің ол ақшаны қайда және не үшін бөлгенін түсінбейді. Мәселенің мәнісі келесіде, ол ақша қиындықтарға тап болған несиегерлерге берілмейді, қаржы қиындық тудырған несиелерді төменгі мөлшерлемемен ұзақ мерзімге қайта қаржыландыру үшін банктерге жіберіледі. Бұл қаржы банктерге кейін қайтару шартымен банктерге қарызға беріліп отыр? Атап айтарлығы, банктер оны үстемемен қайтарады. Сондықтан барлығы дұрыс, ақша қалай болса солай шашылып жатыр деп қауіптенуге негіз жоқ. Оның үстіне,
бағдарламаның жүзеге асуына еш шектеусіз бүкіл халық, тіпті, несие алмаған адамдар да мүдделі,
өйткені банк секторы сауығады, әлеуметтік шиеленіс жойылады, нәтижесінде, банктерге өзінің басқа қызметтерінің құнын төмендетуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ біздің елге келетін инвестициялық түсімдердің көлемі ұлғаяды, өйткені осы қиындықтан құтылған біздің банктердің рейтингі көтеріледі.
— Айтыңызшы, қайта қаржыландыру бағдарламасы нені қарастырады? Ол барлық қарыз есептен шығарылып, жойылады дегенді білдіре ме?
— Кез келген банк несиесі негізгі қарыз сомасынан және сыйақыдан тұрады, ал уақытымен төлемеу болса, оған айыпақы және комиссиялар қосылады.
Бағдарлама сыйақыны, яғни, үстемені, сондай-ақ айыпақы мен комиссиялар бойынша қарызды кешіруді және қысқартуды қарастырады.
Сөйтіп, негізгі қарыздан басқа барлық сома қысқартылады.
— Сонда, бұл негізгі қарыз кешірілмейді деген сөз ғой?
— Дәл солай. Негізгі қарыз кешірілмейді, бірақ оның мөлшерлемесі ең төменгі деңгейге, яғни, 3 пайызға дейін азаяды. Ал қарыздың басқа сомалары қысқартылады. Әрине, егер несиегер бағдарламаның шарттарына сәйкес келсе.
— Әгіме қандай шарттар туралы болып отыр?
— Біріншіден, несие 2004 жылғы 1-қаңтардан 2009 жылғы 31-желтоқсанға дейінгі мерзімде алынған болуы керек. Екіншіден, негізгі несие бойынша қарыз мөлшері 36 470 000 теңгеден (немесе шетелдік валютада осындай эквиваленттен) аспауы керек. Үшіншіден, ол жылжымайтын мүлік ретіндегі кепілзатпен, ол пәтер, үй немесе жер учаскесі түрінде болуы мүмкін, атап айтарлығы, мұндай мүлік шарттарға сәйкес келуі керек қамтамсыз етілуге тиіс.
— Мұндай мүлік қандай шарттарға сәйкес болу керек?
— Егер ол тұрғын үй болса, оның жалпы алаңы 120 шаршы метрден артық болмауы керек. Атап айтарлығы, үлестік қатысу туралы келісім бойынша құрылысқа қатысу да тұрғын үй болып танылады. Егер кепілзатқа жер учаскесі қойылса, оның мақсатты арналуы міндетті түрде жеке тұрғын үй салу болуы тиіс, ал алаңы 10 сотықтан аспауы керек. Маңыздысы, жылжымайтын мүлік жалғыз тұрғын үй болуы керек, сондықтан 2015 жылғы 1-қаңтарда меншігінде басқа тұрғын үйі болған немес бар несиегерлер бағдарламаға енбейді.
— Ал егер несие банктен емес, ипотекалық кұйымнан алынса ше?
— Бағдарламада мұндай жағдайлар да қарастырылған. Бағдарламаға несиені банктен алған алған несиегерлер сияқты ипотекалық ұйымдардан, мәселен, БТА-Ипотека, алған борышкерлер де қатыса алады.
— Бағдарламаға қатысу үшін бұдан басқа белгілер мен шарттар бар ма?
— Иә, бар. Мәселенің мәнісі келесіде, несие теңгемен немесе шетел валютасымен алынуы мүмкін. Егер ол теңгемен алынса, онда жоғарыда көрсетілген шарттармен қатар кешіктірілген төлеу мерзімі 90 күннен кем болмау керек. Ал егер несие шетел валютасымен алынса, онда бағдарламаға қарызын кешіктірмей, уақытымен төлеген несиегерлер де қатыса алады.
— Бағдарламада мүгедектерге немесе көп балалы отбасыларына қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба?
— Иә, әлеметтік осал топтардың бағдарламаға қатысуы үшін арнайы шарттар қарастырылған. Атап айтарлығы, егер тұлға әлеуметтік осал топқа жататын болса, оның несиені қай валютамен алғанының, сондай-ақ төлемді мерзімнен кешіктірудің болуы немесе болмауының ешқандай маңызы жоқ. Мұндай тұлғалардың несие алу мерзімі келесі кезеңге, 2004 жылғы 1-қаңтардан 2009 жылғы 31-желтоқсанға дейін, сәйкес болса, және сомасы 36 470 000 теңге немесе соған тең шетел валютасы сомасында болса, жеткілікті.
— Қандай тұлғалар әлеуметтік осал топтарға жатады?
— ҚР „Тұрғын үй қатынастары туралы„ Заңы әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалардың толық тізімін анықтаған. Олар — Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, оларға теңестірілгендер, I- және II-топтағы мүгедектер, асырауында мүгедек балалар бар немесе сондай балаларды тәрбиелеуші отбасылары, созылмалы дерттердің кейбір ауыр түрлерінен зардап шегуші тұлғалар, жас мөлшері бойынша зейнеткерлер, жетім балалар және ата-анасының асырауынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толмай ата-анасынан айырылған балалар, оралмандар, төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған тұлғалар, көп балалы отбасылары, мемлекттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе ұшу, адам өмірін құтқару, қоғамдық тәртіпті қорғау кезінде қаза болған тұлғалар обасының мүшелері, сондай-ақ толық емес отбасылары.
— Бүгінде „толық емес отбасы„ дегенді қалай түсінеміз?
— Толық емес отбасы дегеніміз — балаларды ата-аналардың бірі тәрбиелейтін отбасылары, оның ішінде, олардың қатарына жесір қалғандар және ажырасқандар да жатады.
— Көптеген несиегерлердің ісі сотқа жетіп, банктер олардан өндіруге мүмкін мүлікті өндіріп алды да, олармен сот орындаушылары айналысуда. Бағдарлма оларға қандай да бір көмек көрсете ала ма, әлде кеш қалды ма?
— Бағдарламаның мүмкіндігін өздеріне қатысты сот актілері қабылданған несиегерлер де пайдалана алады (тіпті, орындаушылық өндіріс кезінде де). Басқа шарттарға сәйкес келсе болғаны. Оларда бағдарламаға қатысуға тапсырыс бере алады.
— Бағдарламаға қатысу үшін несиегерге қандай нақты әрекеттерді жүзеге асыру қажет?
— Ол, яғни, несиегер өз банкіне немесе ҚР Ұлттық банкіне еркін нысандағы жазбаша арыз беру керек, сондай-ақ ол сындай арызды Қаржы қызметтерін дамыту жөніндегі ұлттық қорға жолдай алады.
— Тапсырыстарды қабылдау қашан басталады?
— Тапсырысты бүгіннен бастап беруге болады.