Профессор және доцент атақтарын оған лайық емес адамдар алуда. Ал Білім министрлігі дүниеде жоқ жетістіктерді мақтан тұтады. Мұндай қорытындыға тиісті зерттеулер жүргізген PhD докторы Данияр Сапарғалиев пен Almaty Management University ректоры Асылбек Қожахметов келген.
Білім және ғылым министрлігі ресми мәлімдеме жасаған: 2014 жылы қазақстандық ғалымдар халықаралық ғылыми журналдарда 2000 ғылыми мақалалар жариялады. Шын мәнінде, Scopus бүкіл ғылыми деңгейді анықтаудың әлемдік базасы мәліметтеріне сәйкес, 1942 жарияланым болған. Олардың 1606-сы журналдарда, ал 336-сы конференция материалдарында, кітаптардың тарауларында, кітаптарда, патенттерде жарық көрген. Атап айтарлығы, ғылыми журналдағы мақала – ол негізгі әдебиет және ғалым жұмысының шыңырау биігі. Бұдан басқасы ғылыми ортада есепке алынбайды.
Ендеше, Білім министрлігі асыра сілтеп жіберген. Бірақ іс мұнымен бітпейді.
Өткен жылы «профессор» атағын алған 30 ғалымның тек жетеуі талаптарға сәйкес болып шықты. Мұны осы атақты беру туралы бұйрықтарды Scopus және Web of science ғылыми деңгейді анықтаудың бүкіл әлемдік базаларымен салыстырған Данияр Сапарғалиев пен Асылбек Қожахметов анықтаған.
— Біз Білім беру және ғылым саласына бақылау жасау жөніндегі комитет сайтындағы деректерді және ғылыми деңгейді анықтау базаларындағы мәліметтерді талдадық, – дейді мәселені түсіндірген „Педагогика және психология„ мамандығы бойынша PhD докторы Данияр Сапарғалиев. – Нәтижесінде,
біздегі профессорлар мен доценттердің көпшілігі жалған басылымдарда жарияланған болып шықты. Біз бұл ғалымдардың аты-жөнін интернеттен таба алмай отырмыз.
— Профессор атағы берілген 30 адамның ішінен біз тек 7-нің ғылыми дәрежесін растайтын мақалаларын таба алдық, – дейді Сапарғалиев. – Ал доценттер арасында 19 адамның тек екеуі талаптарға сәйкес болып шықты. Олардың көпшілігі, тіпті, Білім министрлігінің талаптарына сәйкес келмейді. Бұл ғылыми дәреже беру кезінде рецензияланбайтын басылымдардағы мақалалардың есепке алынғандығын көрсетеді. Біздің ғалымдар көп ретте, „мен атақты ғалыммын„ дегенді жиі айтады, бірақ олардың аты-жөні Google Scholar жүйесінде, Web of science немесе Scopus базаларында жоқ. Ал егер сіз ол жерде жоқ болсаңыз, онда сіз ғылымда жоқсыз. Сондықтан сізді атақты ғалым деп атауға болмайды.
2011 жылы Қазақстан әлемдік ғылым сахнасына бағыт алды. Атап айтарлығы, сол кезде республикада әлемдік деңгейдегі ондаған көрнекті ғалымдары болан еді. Одан бері, әрине, ілгерілеушілік болды, бірақ оның қарқыны шенеуніктердің көңілінен шықпаған көрінеді. Сөйтіп, келесі жарлық жарық көрген: “«Профессор» атағын алу үшін импакт-факторы нөлдік емес журналда, кем дегенде 3 мақала жариялау қажет. Ал «қауымдасқан профессор» (доцент) атағына ие болу үшін импакт-факторы нөлдік емес журналда, кем дегенде 2 мақала жариялау қажет”.
Көп ретте қазақстандық ғалымдардың атаққұмарлығын пайдаланып, алдайды. Міне, сондықтан олардың ғылыми мақалалары көп ретте „жыртқыш„ немесе жалған басылымдарда жарық көреді. Олар импакт-факторы, ғалымдар арасында беделі жоқ бір күндік журналдар, десек те олар құрбандарын өз басылымдарында жарық көрген мақалалардың ғылыми салмаққа ие болатынына иландыруға қол жеткізеді.
— Қазақстандық ғалым мынадай жағдайға тап болған, Білім министрлігіндегілер оған былай дейді: “Сіздің бұрын Мәскеу мен Петерборға барып, баяндамалар оқығаныңыз, мақалалар жариялағаныңыз енді саналмайды, – дейді ғылыми дәреже беру деңгейінің өсу себептерін түсіндіруді жалғастырған Данияр Сапарғалиев. – Енді бізге сіздің халықаралық деңгейге шыққаныңыз керек”. Тиісінше, ол адам сондай деңгейге шығудың жолдарын қарастыра бастайды да „жыртқыш„ басылымдарға тап болады. Басылым қызметкерлері олардың астына көпшік қойып, жер-көкке сыйғызбай мақтап, „кемеңгер ғалым„ атап, еңбектерін жариялайды, бірақ ол үшін ақы алады. Түсінесіз бе, жақсы атағы және беделі бар журналдар тек үздік мақалаларды жариялайды, мұндай басылымдардың бетіне шығу оңай емес. Оларға ақша емес, идея керек. Редактордың соңынан біраз жүріп, табан тоздыруға тура келеді. „Жыртқыштармен„ істесу әлдеқайда жеңіл, олар сізді өздері тауып алады, көрнекті рәсімделген сертификат береді, өзіңді жер-көкке сиғызбай мақтайды, бірақ ақша алады. Алайда біздің отандастарымыз, әдетте, оған дайын тұрады.
Басқаша да болады. Web of Science базасында 11 000 астам журнал индексацияланған, Scopus базасындағы тізімге 20 000 жуық журнал кіреді. Осы базаларда статистикалық кемшілік бар, соның салдарынан, олардың тізіміне „жыртқыш„ басылымдар кіріп кетеді, бірақ олардың саны соншалықты көп емес, шамамен, шын мәніндегі 2000 ғылыми журналға 10 „жыртқыш„ келеді. Таңданарлығы, қазақстандық авторлар 2 000 журналдың ішінен дәл осы „жыртқыштарға„ тап болып жатады. Ол аз болғандай, Қазақстан дүниежүзі бойынша рецензияланбайтын журналдарда жарық көрген жарияланымдар бойынша көшбасшылардың бірі. Өйткені байсалды, беделді басылымдар олардың еңбектерін қабылдамайды.
— Біздің ғалымдардың мақалаларының жартысына жуығы қоқыстық басылымдарда жарық көреді, – дейді әңгімесін сабақтаған Данияр Сапарғалиев. –Ал бұл еліміз үшін масқара дүние, кейін осы мәліметтерден елдің институционалдық және авторлық статистикасы құралады. Ал мұның барлығына тиімді болуының мәні келесіде – министрлікке жақсы болатыны, секірмелі ілгерілеушілік бар. Ғалымдарға жақсы болатыны, атақ-дәрежесі өседі. Тек елге, Қазақстанға тиімсіз. Өйткені сандық көрсеткіштер барлығының абыройын республика ішінде жақсы көтерді, бірақ, шын мәнінде, қазір ұлттық ғылым девальвацияға ұшырауда. Бұл жағдай соңғы 2-3 жылда орын алып отыр. Мұндай қарқынмен жақында бізді ғылым енді ғана ғылым пайда болып жатқан үшінші әлем елдерінің бірі ретінде қабылдайтын болады. Әлемде мұны «ирандық дерт» деп атайды. Ол ғылым емес. Бұл мемлекетті, әлемді алдауға іспетті. Бұл жағдай жас ғалым ретінде маған тікелей қатысты. Мен өзім туралы „Міне, мына жас зерттеуші барлығы жалған журналда жарияланатын елден келді„ деп айтқанды қаламаймын. Сандық көрсеткіштерді қуаламай, сапалық жетістіктерге назар аударған жөн. Ал біз оның барлығын өз қолымызбен құртып жатырмыз. Білім және ғылым министрлігіне біздің ғалымдардың өз еңбектерін жақсы рецензияланатын журналдарда жариялануын бақылауға алған жөн.
Егер сыпайылық ережелерін алып тастасақ, мұның артында сыбайлас жемқорлық жатқаны көзге ұрып тұрады. Егер ғалым атағына қол жеткізу мүмкін болмай, бірақ ғалым атанғың келсе, немесе ол мансабыңды өсіруге қажет болса, оны сатып алуға болады. Ақшасын төлеп, „жыртқыш„ басылымдарға мақалаларыңды жариялап, жарияланымдардың қажетті мөлшеріне қол жеткізіп, диссертация, оны қорғау жөніндегі және басқа мәселелерді Қазақстанда өзара шешуге болады. Ал ғылыми жаңалықтар мен елеулі зерттеулер сияқты ойындармен ғылыми атақты сатып алуға ақшасы жоқ кедейлер айналыссын.