Кальян шегуге тыйым салудың заңдық негізі жоқ. «HoReCa Казахстан» Ұлттық ассоциациясының президенті Игорь Копайлов осындай сенімде. Ол жетекшілік ететін компания Бас прокуратура мен сотқа бас санитарлық дәрігердің кальян сатуға тыйым салу туралы қаулысының күшін жою жөнінде арыз берген. Сонымен қатар, ол бұл мәселені түбегейлі шешудің жолын ұсынады.
Асқар Қаймақов, «Каймаков и Партнеры» заңгерлік фирмасының серіктесі
— Біз жүргізген заңгерлік сараптама бірқатар заңнамалық сәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтарды анықтады, оларға сәйкес,
республиканың бас санитарлық дәрігерінің кальян шегуге тыйым салу туралы қаулысы заңдық күшке ие бола алмайды.
Біз аталмыш сараптама шешімін қорғауға және HoReCa кәсіпорындарына шығын әкелген, осы шешімнің заңсыздығын дәлелдеуге дайынбыз. Әрине, біздің заңгерлік қорытындымыз қандай да бір заңды немесе орындауға мідетті күшке, әсіресе, мемлекеттік орган үшін, ие емес. Ол ассоциация және оның мүшелері үшін ұсыныстық сипаттағы құжат. Бірақ оның негізінде ассоциация мемлекеттік органдарға шағымдана алады. Қазір бас санитарлық дәрігердің заңсыз қаулысының күшін жою бойынша арыздану мүмкіндігі қарастырылуда. Дегенмен соңғы және нақты шешім қабылдау сот құзырында.
2009 жылы ҚР „Халық денсаулығы туралы„ Кодексі кейбір ескертулермен қоғамдық жерде шылым шегуге тыйым салған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің шешіміне бойынша, тек санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін, арнайы жабдықталған бөлмелерде шылым шегуге рұқсат етілетін. Ол нормалар шылым шегуге арналған бөлмелерді жабдықтау тәртібін реттейді – бөлмені оқшалау, мұржа орнату, бөлме алаңы — және шылым шекпейтіндердің құқығын қорғайды.
— 2012 жылы осы заң шығысымен рестораторлар арнайы бөлмелерді дайындауға ақша бөліп, оларды арнайы мұржалармен жабдықтап, ондай бөлмелерді шылым шекпейтіндерден толық оқшаулауды қамтамасыз етті, — дейді «Каймаков и Партнеры» заңгерлік фирмасының серіктесі Асқар Қаймақов. – Алайда артынан белгісіз себептермен санитарлық нормалар мен ережелер күшін жойып, құқықтық қайшылық орын алды. Бір жағынан, Кодекс арнайы белгіленген жерлерде шылым шегуге рұқсат етеді, ал екінші жағынан, ол орындарға заңдық тұрғыдан қойылатын талаптар жоқ. Енді, ол әр адам арнайы белгіленген жер деп есептейтін орын болуы мүмкін. Міне, осылай шылым шекпейтіндердің құқығы бұзылуда.
Кальянға тыйым салуды Қазақстанның темекіге қарсы коалициясы белсенді түрде қолдады, көптеген адамдардың айтуынша, бұл оларға тиімді:
— Бұл күреске мемлекет көлемді қаржы бөледі, – дейді темекіге қарсы күресушілердің пайдасы туралы әңгіме қозғаған ресторатор Гурген Басенцян. – Егер қандай да бір зиян туралы әңгіме қозғасақ, Алматының ауасымен дем алу зиянды. Ішімдік ішуде, темекі шегуде, әрине, зиянды. Мен мейрамхана бизнесімен 15 жыл айналысып келе жатқан адаммын, ішімдік ішпеймін, шылым шекпеймін, есірткіден аулақпын.
Түсініңіз, біз сіздің шылым шеккеніңізді немесе шекпегеніңізді қаламаймыз. Біз барлығы оны дұрыс жасағанын қалаймыз.
Біз барлық ұсыныстар мен талап-тілектерді талқылап, барлығына тиімді, қолданыстағы заң шеңберінде ортақ шешім қабылдауға дайынбыз. Мейрамханалар — бизнес, кальян – соның бір бөлігі. Кешкі астан кейін кальян шеккісі келмейтін адам соншалықты көп емес, айталық, Астанада. Егер біз оны адамдарға ұсынсақ, олар мейрамханада отырып, өз ақшасын жұмсайды. Егер ол болмаса, олар мейрамханадан кетіп, кальян ұсынатын жерге барады. Біз сынақ жасап көргенбіз, өзіміздің мейрамханалардың бірінде кальян сатуға тыйым салдық. Нәтижесінде, құны 500 000 доллар тұратын бизнес құрыды.
Жібек Әжібаева, ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы сауда комитеті хатшылығының жетекшісі:
— Заң шеңберінде рестораторлар өз қызметін жүзеге асыруға құқықты. Қазақстан Республикасында ішімдік ішуге, шылым, кальян шегуге толық тыйым жоқ. Бақылау жасайтын органдарға көпшілік арасында, қоғамдық ұйымдарда түсінік жұмыстарын жүргізу керек. Құр тыйым салу — темекі шегетін адамдардың құқығын аяққа басу.
— Барлығын қоғамдық орындарда кальян шегуден дертке шалдығу қауіпі қорқытады, – дейді Игорь Копайлов. – Яғни, барлық мәселе кальянды және оған арналған ыдыстарды залалсыздандыруға тіреледі. Әрине, осы нарыққа қатысушылардың барлығы өз кальяндарын, ыдыстарын білгендерінше жуып-шаяды. Өйткені белгіленген тәртіп, стандарттар жоқ. Біз өз тарапымыздан қоғамдық тамақтандыру орындарындағы сондай ежелерді, кальянға арналған ыдыстар мен құралдарды тазалау және өңдеу жөніндегі міндеттерді дайындауды ұсынамыз.
Копайловтың айтуынша, ассоциациялар мұндай істің рестораторларға қосымша шығын әкелетініне, соның салдарынан кальян бағасы өсетініне, сұраныстың құлдырайтынына қарамастан, осындай ережелерді әзірлеуге дайын. Дегенмен, оның пікірінше, бұл, заңдылығы күмәнді тыйымды сақтауға қарағанда, әлдеқайда артық.