Көлік құралдарын тіркеу ережелері өзгерді. Тіркеу ережелерін жаңарту жаңа қиындықтар тудыруда.
Оның мәнісі келесіде, енді көлік құралының техникалық төлқұжатын тіркеу үшін жаңа немесе Кедендік одақтың аумағына алғаш рет әкелінген көлік құралының иесі автомобиль құжаттары мен сатып алу-сату келісімінен бөлек, сәйкестік сертификатын ұсынуы керек. Бұл турасында жол қозғалысы туралы заңы 67-бабыбының 2-тармағында тайға таңба басқандай жазылған: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі таныған жаңа автимобильдерге арналған сәйкестік сертификаттар болмаған жағдайда көлік құралын тіркеуге және тіркеу мәліметтеріне өзгертулер енгізуге тыйым салынады…». Бірақ осы жылдың 1-қаңтарынан сертификаттық қызмет көрсету компаниялары сертификаттар бермейді және оларды ешқашан бермейтін болды. 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» ТС ТР ТС техникалық регламентіне сәйкес 2015 жылғы қаңтардан бастап автомобильдер жаңа ережелер бойынша сертификатталады.
Техрегламенттің 8-тармағына сәйкес «Кедендік одаққа импортталатын 3 жылдан ескі емес көлік құралдары үшін айналымға жіберу кезінде осы техникалық регламентттің талаптарына сәйкестікті растайтын құжат «Көлік құралы құрылымының қауіпсіздігі туралы куәлік» болып табылады, ал 3 жылдан ескі автомобильдер үшін – «Көлік құралының тұрпатын мақұлдау». Куәлік (ол барлық импорттаушыларға қажет, оның ішінде, жеке тұлғаларға да, – ред. ескертп.) алу тәртібі қарапайым болады, ал мақұлдама алу күрделірек болуы мүмкін, өйткені сынақтар өткізу қажет болады.
Алайда көлік құралдарын техникалық регламенттің талаптарына сәйкес, рәсімдеу тақырыбына арналған семинарға қатысушыларды басқа сұрақ көбірек толғандырған еді:
– 2015 жылғы 1-қаңтарға дейін «Сертификат» деп аталатын құжат берілетін, ал осы жылдың басынан куәлік және мақұлдама беріле бастады, бірақ заңда «Сертификат» деп жазылған ғой! Бұл дегеніңіз, көлік құралын тіркеу кезінде полицейлер дәл сол «Сертификатты» талап етеді, және қайдағы бір « куәліктер мен мақұлдамалар» олардың көңілін көншіте қоймас, – дейді көңілдері тыныш таппаған семинарға қатысушылар. – Олардың бір құжат екенін полиция қызметкерлеріне түсіндіру мүмкін болмайды.
– Ол жерде «Сертификат» деп жазылғанға назар аударудың қажеті жоқ, – дейді жағдайды түсіндірген «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның бас директоры Арман Шаққалиев. – «Сәйкестікті бағалау» түсінігінің түрлі нысандары болады. Сертификациялау – біздің ұлттық тәртіпте қолданылған сәйкестікті бағалау нысаны. Енді бізде екі жаңа норма бар, олар — «Тұрпатты мақұлдау» және «КҚ құрылымының қауіпсіздігі туралы куәлік». Соңғы ержелерде (олар жақында жариялануға тиіс, – ред. ескертп.) бұл түсінік жалпылама сипаттта берілген, «сәйкестікті бағалау туралы құжат» деген сөз тіркесі пайдаланылады. Барлық мүдделі ведомстволарға тиісті түсініктемелер жіберіледі.
Мұның сыртында, семинарда атап өтілгендей, тиісті өзгертулер міндетті түрде «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілу керек.
Семинарға қатысушыларды толғандырған тағы бір сұрақ: егер автомобиль Ресейден әкелінсе, куәләндіруден өту міндетті ме?
– Түсініктемеде қажеттілік жоқ деп айтылады, бірақ іс жүзінде керісінше болып отыр дейді, – дейді қатысушылар.
Бұл сұраққа нақты жауап қайтарылды:
– Қазір одақ аумағындағының барлығы тауар, ал бізде тауар еркін жүреді.
– Тіпті, ол рулі оң жақта орналасқан автомобиль болса да ма? – дейді бой бермеген қатысушылар.
– Одақ ішінде кедендік шекара жоқ, ал бұл автомашинаны Ресейден немесе Беларусьтен әкелу дегеніңіз Ақмола облысынан Алматы облысына әкелумен бірдей. Біз кедергі жасамауға тиіспіз.
Осыған орай, «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгерістер енгізу қажет. Өйткені осы заңдағы 67-баптың 1-тармағы басқару тетігі оң жақта орналасқан жолмен қозғалуға және адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік құралдарын алғашқы тіркеуге алуға тыйым салады.