Алматы облысы ішкі істер департаменті табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері 365info.kz ұлттық порталымен өздері бірнеше жылдан бері жинаған фотосуреттер мұрағатымен бөліскен еді. Атап айтарлығы, суреттер балықты тыйым салынған құралдармен аулаған браконьерлерді құрықтау кезінде түсірілген. Олардың арасында қытайлық аулар, «электр» қармақтар бар. Осы суреттерден адамдардың шексіз зұлымдығын көріп, жағаңды ұстайсың. Ойыңа еріксіз «шын мәнінде айуан кім?»деген сұрақ оралады. Ал тәртіп сақшыларының айтуынша, табиғатқа келтірілген зардаптың орнын толтыру үшін ондаған жылдар қажет.
[gallery ids=»51075,51074,51072,51073,51070,51071,51069,51067,51068,51065,51066,51064,51063,51062,51061,51060,51059,51058,51056,51057,51055,51053,51054,51052,51051,51049,51050,51048,51047,51045,51043,51044,51041,51042,51040″]