Американдық сот тәжірибесі прецеденттік деп аталатын өнегеге негізделген. Басқаша сөзбен айтқанда, кез келген сот қаулысы және үкімі одан кейін орын алған ұқсас істер және олар бойынша шығарылған үкімдер негізделетін „зәкір„ іспетті. Бостон марафонындағы лаңкестік актіден кейін әділ сот жүргізуге кедергі келтірді деген айып тағылған біздің отандастарымызды қатал жазалауды талап етіп отырған АҚШ прокуратурасы осындай зәкірдің біріне тірелді. Атап айтарлығы, ол бұл іске мүлдем қатысы жоқ „кондицияға сәйкес емес балық ісіне„ байланысты.
Азамат Тәжаяқов Джохар Царнаевтың жоғарыда аталған достарының бірі. Ол 2014 жылғы шілдеде Царнаевқа тиесілі рюкзакты студенттер жатақханасынан алып шығып, қоқыс төгетін жерге тастап, тергеу әрекеттеріне кедергі келтірді деп айыпталған болатын. Ал ол кезде тергеу Царнаевты Бостон марафонында екі жарылысты ұйымдастырған күдікті ретінде анықтаған болатын.
2014 жылғы 6-қарашада Федералдық сот Джохар Царнаевтың ісі бойынша оның айыпталушы екі досына үкім шығаруды кейінге қалдырды. Өйткені мүлдем басқа сот ісін қараудың салдарын ескеру қажеттігі туындауы мүмкін болды. Ол — Йейтс ісі болатын, оның күрделілігі істі АҚШ Жоғарғы сотының назарына іліндірді.
Шешімді қайта қарау туралы мәселені көтерген судья Дуглас Вудлок флоридалық балықшы Йейтстің ісіне сілтеме жасап отыр. Йейтс әділ сот жүргізуге кедергі келтірген болатын: ол табиғатты қорғау инспекторы тарапынан құрықталғаннан кейін ұстаған балығын кемеден лақтырып жіберген. Яғни, заң тұрғысынан алғанда ол айғақ заттардың көзін жойған.
Осындай әрекеттері үшін прокуратура Йейтске әділ сот жүргізуге кедергі келтірді деген айып таққан: ол тергеу әрекеттеріне кедергі келтіру мақсатында „кез келген жазбаның, құжаттың немесе заттай материалдық нысанның„ көзін құртқаны үшін 20 жылдық мерзімге дейін сотталуы мүмкін еді. Нәтижесінде, прокуратура 3 жылға бас бостандығын айыруды талап етсе де, Йейтсті 30 күнге қамау туралы үкім шығарылған болатын. АҚШ Жоғарғы соты заңгерлерінің айтуы бойынша, бұл істі талқылаудың соңы шешімін таппаған сот сорақылықтары мен қызу пікірталастарға ұласты.
Мәселенің мәнісі, Йейтске Тажаяқовқа сияқты айыптау Сарбейнс-Оксли Актісінің негізінде тағылған болатын. Бұл құжат қағаздағы құжаттарды, компьютердегі жазбаны және басқа заттай және материалдық жазбаларды жойғаны үшін өте қатаң жазалайды. Йейтстің балығы сондай айғаққа жата ма? Формальдық тұрғыдан жатады. Алайда судья жағдайды ушықтырып, абсурдқа, яғни, мағынасыздыққа жеткізбеу үшін балықшыны 30 күнге қамауға алумен шектелді.
Тәжаяқов пен Қадырбаев үшін Йейтс ісі – елеулі заңды прецедент: егер балықшыны ұқсас қылмыс үшін 30 күнге соттаса, онда жігіттер де сондай жазаға тартылуы тиіс! Бұл үшін судья бұл екі істен шынайы ұқсастық табу керек.
Енді Тәжаяқов пен Қадырбаевтың адвокаттары Бостондағы сотқа осыны дәлелдеуге тырысып бағуда – жігіттердің әрекеттері соншалықты елеулі болған емес. Иә, Царнаевтың рюкзагінен шынында да флешка табылған, бірақ Тажаяқовтың қорғаушылары сотқа Тәжаяқовтың флешканың болғаны туралы білгенін дәлелдейтін айғақтардың жоқ екенін дәлелдеді. Істегі жаңа жай-жапсарларды басшылыққа алған судья, әзірше Тажаяқовты бөлмеден флешка және лэптоп салынған Царнаевтың рюкзагін алып шықты деген айыптауды алып тастады.
Бұрынырақ Қадырбаев тергеумен мәмілеге келіп, өзін кінәлімін деп тануды 7 жылдық соттауға алмастырған болатын. Бостонның округтік соты „Йейтс ісінің„ нәтижесін ескеру үшін бұл мәселені кейінге қалдырды.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, АҚШ-тың округтік судьясы Дуглас Вудлок төмендегі мазмұндағы шешімін жариялады: “АҚШ Жоғарғы сотының нені „заттай/материалдық дәлел/айғақ„ ретінде есептеуді анықтау бөлігіндегі шешімі Тәжаяқов-Қадырбаев ісіндегі прокуратураның ұстанымына күмән келтіреді”. Осы шешімде „сот осы аптада тиісті үкім шығаруды, ең болмаса, АҚШ Жоғарғы сотының шешімі қабылданғанша және біз қарап жатқан істегі тараптар аталған шешімнің барлық салдарларын қарастыруға сайма-сай келетін мүмкіндіктерді пайдаланғанша кейінге қалдыруды дұрыс көрді„ деген шешімін жария етті.
Дереккөзі: The Boston Globe.