Қоғамдық көліктегі бақылаушылардың «қояндарға» айыппұл салу тәжірибесі заңсыз. Тәуелсіз заңгерлердің бұл нанымын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин растады.
Трамвайда, тролейбуста, автобуста және қалалық, қала маңы бағыттарындағы маршрутты таксиде жолаушыларды билетсіз алып жүргені үшін айыппұл (5 АЕК) салу туралы норма бар, — деп хабарлады Юрий Ильин. Назар аударыңыз: жүргені үшін емес, алып жүргені үшін. Оның үстіне:
«Аталмыш норма жолаушыға билетсіз жүргені үшін қандай да бір шара қолдануға рұқсат бермейді, осыған байланысты, 2014 жылғы 01-сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 31-қазанда №155 қаулысымен енгізген Әкішілік құқық бұзушылық туралы колдекстің жобасындағы жоғарыда аталған осы бабты «және билетсіз жүргені үшін» деген сөздермен толықтыру туралы ұсыныс енгізілді», – деп қорытындылады Юрий Ильин.
Сөйтіп, бақылаушыларда айыппұл салуға заңды негіз жоқ.
Тәуелсіз заңгерлер заңды осылай түсінумен толық келіседі:
— Қазіргі таңда жауапкершілік жолаушыларды қоғамдық көлікте тек билетсіз алып жүргені үшін қарастырылған, – дейді жағдайға түсініктеме берген адвокат Джохар Өтебеков. — Ол бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту көлікті бақылау жөніндегі жергілікті инспекциялардың құзырында. Атап айтарлығы, жолаушыларды жолақысын төлемей жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.
Өтебеков қызық детальді хабарлады: 2015 жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енетін ҚР Әкішілік құқық бұзушылық туралы колдексінде жолаушылардың билетсіз жүргені үшін материалдық жауапкершілік қарастырылмаған (623-бап). Яғни, бақылаушылар тек тексереді, бірақ айыппұл сала алмайды.
Осыны негізге алған Өтебеков, бақылаушылар тарапынан дөрекілік орын алса, полиция шақыруға кеңес береді. Айыппұл сала отырып, бақылаушы озбырлыққа орын береді.
Сірә, заңдағы мұндай олқылық мемлекет пен автопарктерге тиімді болған сияқты. Мүмкін, сондықтан шенеуніктер ол бойынша түсініктеме беруге ынталы емес. Юрий Ильин осы жағдай бойынша ашық түсініктеме берген алғашқы мемлекеттік қызметші. Жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Талғат Әбдірахманов, керісінше, біздің сауалымызды жауапсыз қалдырып, тек билетсіз жүргендерге айыппұлдар салу негіздері жөніндегі сұрақтарымызға ғана жауап берген.
Тағы бір деталь: Юрий Ильин хабарлағандай, белгіленген ережелерге сәйкес, бақылаушының «қолында қызметтік куәлік, бағыт желісі көрсетілген жол-сапар парағы болу керек. Бақылаушының нысандық киімі (дресс-код) төмендегідей үлгіде болу керек: ақ жейде, қара көк костюм, қара галстук, және оның қолында бейджик болу керек». Ондай болмаған жағдайда, сіздің алдыңызда тұрған адам әдеттегі азамат. Ал оның билет көрсету жөніндегі талабына құлақ аспауға болады. Дегенмен, өмірдегі жағдай мүлдем бөлек, көп ретте жүргізушілер мен кақылаушылар озбырлық жасап жатады.