Тамыздың алғашқы күндері жаңа саяси оқиғамен есте қалды – Сенат сайлауының 1-қазанда өтетіні белгілі болды. Әзірше, сарапшылар парламент жоғарғы палатасының сайлауын өткізудің тетіктері мен «Нұр Отан» партиясы белсенділігінің себептерін саралауда.
Осы уақытқа дейін халық қалаулысы болып келген сенаторлар өкілеттілігінің аяқталуына байланысты, 2-тамызда Қазақстан парламентінің сенатына үміткерлерді ұсыну науқаны басталды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «2014 жылғы 1-қазанда ҚР Парламенті сенатының депуттарын сайлау туралы» тиісті Жарлыққа қол қойды.
Орталық сайлау комиссисының ақпараты бойынша, үміткерлерді ұсыну 31 тамызға дейін созылады, тіркеу 11-қыркүйекке дейін жүзеге асады, ал сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны 12 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін созылады. Қорытынды сайлау ағымдағы жылғы 1-қазанда өтеді.
«Қазіргі таңда сайлау комиссиялары жұмыс істеуге қабілетті. Сайлаушылар корпусы мен сайлау комиссиялары сайлау кампаниясына толық дайын. Барлық комиссиялар толық жинақталған», – деп хабарлады Астанада өткен брифингте Қуандык Тұрғанқұлов, сондай-ақ ол мәслихаттар тарапынан 32 үміткердің сайланатынын жеткізді.
Осы орайда, парламент сенатына 47 депутат сайланатынын, олардың 15-ін мемлекет басшысы тағайындаса, 32-сін мәслихаттар (әр облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан екі адамнан) сайлайды. Сенат депутаттары алты жылдық мерзімге сайланады, әр үш жыл сайын сенаторлардың жартысы қайта сайланады (16 адам).
Сенат сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен 136 миллион теңге бөлінген, әр кандидаттың 14 милион теңгеге жуық көлемде өзінің сайлау қорын құруға құқығы бар. Сондай-ақ, Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, әр үміткер ОСК-ның арнайы есебіне 300 мың теңгеден аз болмайтын көлемде депозит түріндегі сайлау жарнасын салуға, сондай-ақ салық органдарына өзінің табыстары мен мүлігі туралы декларацияны өткізуге міндетті. Орталық сайлау комиссиясының басшысы сенатор болып сайлануға үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматы, жас шамасы 30 төмен болмауы, 5 жылдан кем емес мөлшердегі еңбек өтілі бар, сайланатын аймақта, кем дегенде 13 жыл тұратын азамат болу керектігін еске салды. Атап айтарлығы, сенаторлыққа үміткер тиісті облыстық мәслихат депутаттары 10 пайызының қолдауына ие болуы керек.
Сонымен, қазақстандық саяси салада жазғы науқандық тыныштық аяқталған сияқты. Әрине, «күн жаңалығы» бірден әлеуметтік желілер мен жағымды саяси оқиғаларға шөліркеп қалған БАҚ-та қызу талқыға түсті. Отандық сарапшылар қауымдастығы болып жатқан оқиғалардың түрлі нұсқасын айтып, жақын болашаққа болжамдар жасауда. Бұқаралық ақпарат құралдарының сарапшылары жоғарғы алатаның отандық парламентаризм тарихындағы орны мен ролі туралы пайымдауда. Осы орайда, олардың біреулері белгілі мөлшердегі сынмен «сенаттың депутаттық корпусын қалыптастыру тетігі оның белгілі мөлшерде жоғарғы билікпен ымырласқанын жасыра алмай, саяси бәсекелестіктің жоқ екендігін меңзейді» десе, басқалары керісінше, парламент сенатына депутаттардың тағайындалатынын ашық айтуда.
«Депутаттық корпус жұмысының тиімділігін арттыру үшін мақсаты парламент құрылымын түбегейлі өзгерту болып табылатын конституциялық реформа қажет. Аталмыш реформа сенатты мәжілістің қызметін қосарлана атқаратын орган ретінде таратқан жөн», – деген кеңес айтады, өз кезегінде, әлеуметтік жүйені пайдаланушылар. Олар Қазақстан сияқты унитарлық мемлекетке парламенттің жоғарғы палатасы тән емес, оны 90-жылдары бізге АҚШ күштеп таңған дегенге сілтеме жасайды.
Сенатқа билікке мейілінше берілген адамдар өтеді
Сенат сияқты заң шығарушы органның болуы және оның қоғамның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қажеттілігі шынымен даулы мәселе болуы мүмкін шығар. Дегенмен, 365info.kz-ке берген түсініктемелерінде саясаттанушы Талғат Мамырайымов жоғарғы биліктің өтпелі кезеңінде оған парламенттің, атап айтқанда, оның жоғарғы палатасының ролін күшейту қажет екендігін айтты:
— Саяси элита саяси режимнің өзгеруі кезінде оған Нұрсұлтан Назарбаев сияқты ерекше дарынға, тәжірибеге және қайратқа әлі ие болмаған жаңа мемлекет басшысына алаң дайындау қажеттігін түсінеді, – дейді саясаттанушы. Осы орайда, Мамырайымов мырза парламент сенаты ролінің алдыңғы кезекке шыққанын айтады.
Кез келген пікір, тіпті, ол қаншалықты даулы болса да назар аударуға тұрарлық. Сіз, әрине, онымен келіспей, белгіленген тақырып бойынша өз пікіріңізді ұсынуыңыз мүмкін. Бірақ, осы орайда, біз ҚР Конституциясына сәйкес, парламент жоғарғы палатасының төрағасы мемлекетіміздегі екінші адам болып саналатындығын естен шығармауымыз керек. Егер біз Қазақстанның жоғарғы билігі билікті басқа біреуге беруге дайындалып жатыр деп болжасақ, оған қол жеткізу үшін билікке елдегі жағдайды парламенттің жоғарғы палатасы толық бақылайтын ахуалға қол жеткізуі қисынды болады.
«Сондықтан сенатқа қолданыстағы билікке мейілінше берілген және оның жоспарын жүзеге асыруға дайын депутаттар өтеді», – дейді ойын қорытындылаған Талгат Мамырайымов.
Осы орайда, бұрын айтылғандай, бірінші орынға осы кезге дейін көлеңкеде қалып келген Қазақстан парламенті сенатының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың фигурасы бірінші орынға шығады. Айтпақшы, ол он жыл (1994-1999, 2002-2007) бойы Қазақстанның Сыртқы істер министрі болған.
Ескерту: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан парламенті сенатының төрағасы ретінде 2008 жылы ЕҚЫҰ парламенттік Ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.
2011 жылғы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ бас хатшысының орынбасары етіп тағайындайтындығы туралы шешімін жариялады.
Жалпы, көптеген сарапшылар өтпелі кезеңде Қасым-Жомарт Тоқаевты ең лайықты фигура санайды, атап айтарлығы, оның халықаралық байланыстары үшін ғана емес, сондай-ақ оның қазақстандық элитадағы саяси орнына сәйкес. Бірақ заң нормаларынан ауытқушылықтың қалай реттелетіні белгісіз. Өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес президенттік лауазымға үміткер соңғы 15 жылда Қазақстанда тұруға тиіс, ал Тоқаев мырза 2 жылдан астам уақыт бойы шет елде тұрып келді. Дегенмен аумақтан тысқарылық принципі оған қатысты болмауы да мүмкін.
Сонымен қатар, сенат сайлауынан кейін, іле-шала кезектен тыс мәжіліс сайлауы өткізіледі деген сыбыс бар. Бірақ сырт көзге ондай сайлау өткізуге елеулі негіз жоқ сияқты. Дегенмен кейбір жекелеген саясаттанушылар айтатындай, бізде көптеген дүние бір ғана адамның көңіл-күйіне байланысты. Бұл әңгіме парламентті кезекті рет күшейту туралы болуы мүмкін. Егер жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, оның ролі күшейтілсе, онда өзінен өзі парламентті нығайту қажеттігі туындайды. Басқа жағынан алып қарасаң, биліктің тұғыры онсыз да мықты, өйткені төменгі палатадағы 83 депутат ең ірі президенттік «Нұр Отан» партиясынан сайланғандар, олар мәжілісмендердің 80,99 пайызын құрайды.
Алайда, егер «Нұр Отан» партиясының жаздың алғашқы екі айындағы әрекеттерін мұқият бақыласақ, көзге көрінбейтін электоралдық белсенділікті байқауға болады. Мәселен, еліміздің аймақтарында консалтингтік орталықтар ашылып, жақында қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламамен белсенді жұмыс істеуді байқап, аула клубтрары арасында балалардың футболдық матчтарын ұйымдастыру байқалып, өзін шынайы халықтық партия ретінде көрсетуге ұмтылатын партияның жағымды имиджін қалытастыру жөніндегі атқарылып жатқан қарқынды жұмысты байқауға болады.
Міне, осының бәрі ойлануға мәжбүрлейді, өйткені өмірде ешнәрсе тектен тек орын алмайды. Кез келген кездейсоқтықтың артында өмір заңдылығы тұратыны белгілі.