Конституцияда бекітілген нормативтік актілердің иерархиясын атап өтіп, тек жарғы арқылы үкіметті қайта құрылымдауға бола ма? Бұл мәселеде сарапшылар пікірі бір текті болмай отыр.
Қазақстандағы заңдылық иерархиясы төмендегідей: жоғарғы заңды күшке ҚР Конституциясы ие, одан кейінгі орында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар және конституциялық заңдар мен конституциялық заң күші бар президент жарлықтары. Олардың артында кодекстер, заңдар, сондай-ақ заң күші бар ҚР жарлықтары тұр. Тек осылардан кейін, бесінші орынға ҚР президентінің нормативтік жарлықтары орын тепкен.
– Заңға тәуелді актілер заңмен реттелуге тиіс мәселелелер бойынша өзгерістер енгізеді, – дейді «Компания «ЮрИнфо» ЖШС-нің бас директоры Игорь Лоскутов. – Егер Үкімет құрылымында бұдан былай агенттіктер болмайтын болса, онда Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 1-желтоқсандағы №2688 «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер енгізу керек шығар? Егер жарлықтар оңай өзгертілетін болса, онда, мүмкін, оларға белгіленген иерархияда заңға тәуелді емес, керісінше, заңнан биік тұратын мәртебе беру керек шығар?
Жарғының бүкіл заң актілерінің қатарын бұзу фактісін бүркемелеу үшін кез келген нәрсеге сілтеме жасауға болады, деп есептейді заңгер.
– Заңдардағы уәкілетті органдар негізінен ескі заңдарға лайықталған, сондықтан оларды қайта жазуға тура келеді, – дейді жағдайды түсіндірген Игорь Лоскутов. – Ал формализмге келсек, ҚР Конституциясының 65-бабына жүгінейік: «Республика Премьер-Министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi». Ол 10 күндік мерзімде оларды енгізіп, олар белгіленген мерзімде қаралды ма?
Саясаттанушы Марат Шибұтов мұндай көзқараспен келіспейді:
– Жоқ. Бұл конституциялық нормаларға қайшы келмейді, өйткені бізде президент жарлықтарының заң күші бар. Қазақстанда үкімет басына жаңа премьер келді – оның жұмыс істеу ыңғайына қарай үкімет құрылымы өзгерді. Елімізде орындау тәртібі мен үкімет тиімділігі деңгейінің елеулі төмендегені бірден көзге түсе бастаған осындай жағдай орын алды.
Саясаттанушының айтуынша, премьер-министрдің ұсынысы бойынша министрліктерді өзгертуге болады:
– В ҚР Конституциясының 44-бабында былай делінген: «Президент, премьер-министрдің ұсынуымен Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады». Сондықтан, бұл қалыпты қайта құрылымдау, – дейді сөзіне сенімді сарапшы.