Қазақстанның жанармай құю бекеттері тура айтқанда, лас бензинді саудаға салуда. Атақты автобрендтердің сервис орталықтары өз клиенттеріне жаңа автомобильдердің жанармай жүйесінің істен шығуының бір ғана себебі бар, ол — жанармайдағы қоқыс, деп дәлелдеуде.
Осы жылғы көктемнің басында мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстанда жанар-жағар бағасы өспейді деп мәлімдеді. Бензин бағасы шынымен өскен жоқ (тек дизель қымбаттады – ред.). Алайда жанармай сапасы құлдырап кетті, басқасын айтпағанда, Алматыда. Мамандандырылған сервис орталықтары мен техникалық қызмет бекеттерінің қызметкерлері қалада ашықтан ашық лас бензинді сату автомобильдерді пайдаланудың алғашқы жылында олардың жанармай жүйесіндегі элементтердің істен шығуына әкеліп соғатынынын айтуда.
– Дүрбелең осыдан үш ай бұрын басталған еді, қазір ол біраз бәсеңдеді, – дейді Nissan сервис орталығы өндірістік бөлімінің басшысы Андрей Попов. – Суретте айқын көрініп тұр – 1 мың километр ғана жүрген жаңа Nissan Patrol автомашинасы, пластигі су жаңа, сырт көзге бәрі тамаша, бірақ толтырғышы өте ұсақ қоқысқа толып кеткен (суретті қараңыз). Атап айтарлығы, мұны бірде бір жанармай құю бекетіне таңа алмайсың.
Егер бұрын сапасы төмен бензинді шағын жанармай құю бекеттері саудаға салса, енді наразылық мұнай нарығындағы негізгі ойыншылардың атына айтылуда. ЕО мен Жапония шығарған жаңа және қымбат автомобильдердің иелері бензинді тек ірі жанармай бекеттерінде құятындарын айтуда.
Мамандардың айтуынша, бензин багінде қоқыс неғұрлым көп болса, бензин айдағыш соғұрлым аз жұмыс істейді. Алғашқы белгі — оталдыру білтесінің жұмысы нашарлайды. Одан кейін бүкіл жанармай жүйесінің жұмысы бұзыла бастайды: торша-сүзбе және мұқият тазалау сүзбесі бітеліп, бензин айдағышқа салмақ түсіп, бүріккі бітеле бастайды Одан кейін катализатор жұмысында ақау пайда болады. Осының барлығы, түптеп келгенде, қозғалтқыштың тозуына әкеліп соғады.
Бір жағынан қарасаң, қазір барлық жанармай бекеттері сүшгіштермен жабдықталған. Олар тот пен қоқыстың елеулі бөлігін колонкада қалдырады, дегенмен көп нәрсе өтіп кетеді.
Автомеханиктер түрлі әңгімелер айтуда, бірде оларға лауазымдық міндетіне жанармайдың сапасын қадағаулау кіретін шенеунік келіп, өз джипінің жанармай жүйесіне шағым айтыпты. Енді бірде жанамай құю бекетінің қожайыны өз көлігіне торша арқылы бензин құйған.
– Негізінен «лас» бензинге наразылықты соңғы жылдарда шыққан заманауи автомашиналардың иелері айтуда, – дейді Organic мұнай өнімдерін тәуелсіз сараптау орталығының директоры Акмарал Калмуратова. – Қазақстандағы мұнай өңдеу заводтары, әзірше, жаңа технологиялармен және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылмаған. Сондықтан олар жаңа автомобильдерге қажетті, сапалы евро-3, 4 и 5 бензиндерін өндіре алмайды. Біз жаңа автомобильдерге жарамайтын евро-2 бензинін өндіреміз. Сондай-ақ бізде жанармай сапасына бақылау жасау мемлекеттік деңгейде, сондықтан бізде әкелінетін жанармайдың сапасы туралы шынайы ақпарат жоқ.
Бұдан тыс, шетелдік жаңа «темір тұлпарлар» жанармай құюшылар октан санын арттыру мақсатында дайындаған алуан қоспалардан тұратын түрлі «қиратушы қойыртпақтарды» қабылдауға лайық болмай шықты.
– Бензин өндірудің негізінде жанармайдағы октан санын арттыратын қоспаларды қосу технологиясы жатыр, – дейді Андрей Попов. – Ондай қоспаллардың алуан түрі бар. Атап айтарлығы, біздің еліміз осындай қоспаларды пайдаланатын әлемдегі аз мемлекеттердің қатарында. Тағы бір мәселе, Мемлекеттік стандарт қоспаларды жанармайға қосуға рұқсат бере отырып, оларды пайдаланудың шекті мөлшерін белгілемеген, мұны неғұрлым жоғары кіріс алуға ұмтылған пайдакүнемдер өз мүддесіне пайдалануда. Дамыған елдерде мұндай қоспаларды пайдалануға тыйым салынған, өйткені олардан мотор қатты зардап шегеді. Қоспалар қосылған бензинді пайдаланғанда от алдыру білтелерінде ашық қызыл түсті күйік пайда болады. Аавтобиль иелері оны «қызыл ажал» деп атайды, ол жанармайдағы темірдің шектен тыс мөлшерде екенін дәлелдейді.
Айтпақшы, автоөндірушілер біздегі жанармайдың «ерекше» сапасы туралы хабардар. Сондықтан олар от алдыру білтелерін, майды және т.б. жиі ауыстыруды ұсынады. Ал бұл автомобиль ұстаудың құнын елеулі арттырады. Мәселен, өндірішілердің айтуынша, Еуропада иридий от алдыру білтелері ауыстырылмай 90 мың километр, АҚШ-та 100 мың миль, яғни, 168 мың километр «жүруге» қабілетті. Ал біздің елде ондай от алдыру білтелері 20 мың километрден артық жүрмейді.