Қызылордада «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Б.В.» мұнай компаниясы қаржыландыратын «Ақниет» әлеуметтік бағдарламасының 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз несие гранттарының жеңімпаздары анықталды.
Бағдарламаның үздік деп танылған 97 жоба иесіне аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пен «Лукойл Оверсиз Сервис» компаниясының қазақстандық филиал директоры Андрей Кириллов салтанатты түрде грант сертификаттарын табыстады.
Негізі бұл жобаның Сыр өңірінде жүзеге асып жатқанына екінші жыл. Былтыр кәсіп бастауға ниет білдірген 75 жоба жүзеге асты. Нәтижесін араға жыл салып ұйымдастырылған көрмеден көрдік. Бірі шаштараз ашса, енді бірі наубайхана, балабақша, тігін цехы секілді ауылға қажетті қызмет түрлерін көрсетуде. Жыл бойы жасаған жұмыстарын кәсіпкерлер осы көрмеде таныстырды. Кәсіпкерлер үлкен қолдау болғанын айтты.
— Бір миллион қайтарымсыз грант ауылдық жерде кәсіп бастауға үлкен көмек болғаны сөзсіз. Шағын және орта кәсіпкерлікті 5 есе арттыруымыз қажет. Өткен жылы өңірге әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы арқылы 3 млрд. теңге берілді. Биыл тағы 4 млрд. теңге аламыз. Бастысы кәсіпкерлердің жақсы жобалары болса жүзеге асыруына қолдау білдеріміз», — дейді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Биыл конкурсқа 1200-ге жуық үміткер өз жобаларын ұсынған. Талапқа сай келген 95 жобаға 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз гранттары берілді.
— Жобанының бастамасы көрсеткендей, ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары. Бір жылдың қорытындысы көрсететін көрмені аралап көрдік. Нәтиженің қандай деңгейде екені анық аңғарылып тұр. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендеп көп. Жобалардың елді-мекендерге қажеттілігі ескерілді, — дейді «Лукойл Оверсиз Сервис» компаниясы қазақстандық филиалының директоры Андрей Кириллов.
Байқауға«Әлеуметтік кәсіпкер», «Жаңалық», «Қолөнер», «Қамқор», «Бастама» және «Игілік» номинациялары бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар қатысты. Енді грант жеңімпаздары өз ісін бастау арқылы ауылдың дамуына үлес қоспақ.
[gallery ids=»15238,15235,15236,15234,15237″]