Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының қорытындыларына арналған брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті, — деп, хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік-экономикалық саясат жол картасының бірінші кезектегі шараларында жекешелендірудің екінші толқыны мен «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру мәселелері қамтылған. Осыған орай, ағымдағы жылдың мамыр айында барлық мемлекеттік органдар мен холдингтер қатыстырыла отырып, дайындық жұмыстары атқарылды. Ал маусым айында жекешелендіру үдерісі басталып кетті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «KEGOC» акционерлік қоғамын 2014 жылдың соңына дейін, ал «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының акциялар топтамасын 2015 жылы елдің қор нарығына шығару бойынша дайындық жұмыстары басталды. Тиісті заңнамалық актілер қабылданған», — деді министр Е. Досаев.