Астанада 2014 жылғы 6 шілде күні 61 шарана дүние есігін ашты, деп хабарлады қала әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
«Сағат 00.00-дегі мәліметке сәйкес, тәулік ішінде 28 қыз бала және 33 ұл бала дүниеге келді, соның ішінде алтауы – басқа қалалардан келгендер. Үш сәбиге Елбасының құрметіне Нұрсұлтан есімі берілді», – делінген хабарламада.
Барлық шараналар мен олардың аналарына естелік сыйлықтар табысталды.