Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыскерлер мемлекетке өздерін іздестіруге жұмсалған шығынды қайтаруда.
Прокуратура органдары ішкі істер және қаржы полициясы органдарымен бірлесіп, тиісті құжаттармен расталған іздестіруге жұмсалған шығынды анықтау және өндіру бойынша жұмыс атқаруда, делінген облыстық прокураның баспасөз қызметі таратқана хабарламада, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
«2014 жылдың өткен мерзімінде жалпы сомасы 1 млн 662 мың 790 теңгеге тиісті 18 талап шығарылды, оның ішінде, жалпы сомасы 1 млн 71 мың 487 теңгені құрайтын 9 талап сот тарапынан қанағаттандырылды», — деп көрсетіледі хабарламада.