365info.kz порталы украиналық Netpeak интернет-маркетинг агенттігінің жетекшісі Артем Бородатюкпен бірлесіп, өз ісін жаңадан бастағандар мен тәжірибелі кәсіпкерлерге арналған ақыл-кеңестерін әзірледі.
Интернет арқылы бизнес ұйымдастыру — қай саланы алсақ та өте тиімді әдіс саналады. 9 миллион адамды қамтитын қазақстандық қазақстандық аудиторияны есепке алсақ — бизнестің мұндай жолы өсімі ең жылдам және әлеуеті зор болып табылады.
Егер сіз сайт ашсаңыз — оның құны қанша, ол сайт арқылы сауданы қаншалықты арттыруға болатынын есептеуіңіз керек. Егер интернетке жарнамаңызды берсеңіз — ол жарнаманың нақты қанша сатылым, транзакция мен табыс беретінін есептеуіңіз керек.
Көп кәсіпкерлер сайтты жасап болғаннан кейін іс бітті деп ойлайды. Бұл — қателік. Сайт жасау — оффлайн саудадан онлайн саудаға қарай жасалған алғашқы қадам ғана. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстандағы барлық сауда-саттықтың 1,2 пайызы интернеттің үлесіне тиіпті. Салыстыру үшін айта кетсек, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 12 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз — әлі кем дегенде 10 есеге дейін өсім болуы мүмкін.
Интернеттен өз бизнесіңізге қатысты түрлі сауалнамаларды зерттеп көріңіз. Сол арқылы өзіңіздің бизнесіңізге сәйкес келеді-ау деген бір немесе бірнеше құралдарды таңдаңыз. Әрине, не істесеңіз де ең алдымен табыс табуды көздеуіңіз керек.
Шынында да дәл солай. Көшбасшы болу үшін алға қарай ұмтылу керек. Алдыңызға жаңа мақсаттар қойыңыз. Интернетте AB-тест жүргізу мүмкіндігі бар: сайтыңыздың қолданушыларының жартысы сіздің интернет-дүкеніңіздің жаңа дизайнын көреді, қалған жартысы ескі дизайнын ғана көреді. Осылайша қайсысында сауда көбірек жүретінін біліп, таңдауды соған түсіруге болады.
Өзі ісіңіздің атын шығаруға тырысыңыз. Мұндай жағдайда SEO, PPC (мән-мәтін арқылы жанрамалау), email-маркетинг (арзандығы жағынан ең тиімді әдіс) көп нәтиже бере алады. Сайтқа тікелей кірушілердің үлесі арта түседі әрі адамдар сайтыңызға көз үйрете бастайды.
Деректерді Netpeak интернет агенттігі ұсынды.