Қайғылы оқиға 25-маусымда кешкісін Шымкент-Ленгер трассасында жол алған. «КамАЗ» автомашинасынан озбақшы болған 21 жастағы «Мерседес-бенц» автомобилінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 32-жасар жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан «ВАЗ-21713 Приора» автомобилімен бетпебет қақтығысқан.
«Жол апаты н «Приоры» жүргізушісі және оның төрт жолаушысы: үш әйел (1965, 1974 и 1979 жылдары туылған) және 1961 жылы туылған ер адам – барлығы Отырар ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары, сондай-ақ «Мерседес» жолаушысы, 1986 жылы туылған ер адам, Шымкент қаласының тұрғыны, ауыр жарақаттар салдарынан оқиға орнында жан тәсілім етті», – делінген ОҚО ІІД-сінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«Мерседес» автомашинасының жүргізушісі мен екінші жолаушысы, 1981 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны ауыр жарақаттармен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілген.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері орын алған жол апатының себеп-салдарларын анықтауда. Бір қатар сараптамалар тағайындалды.
Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына (Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.