10 маусым, сейсенбі күні кешкісін «Zonakz.net» интернет-газетіне пікір білдірушілердің бірі миллиардер Александр Машкевичтің әкесі, 95-жасар Антон Азарьевичтің қайтыс болғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазТАГ.
ҚазТАГ тілшісі Еуразиялық қаржы тобының құрылымдарына хабарласып, ірі акционерлердің бірінің әкесі туралы ақпарат алуға тырысқан еді, бірақ түнде бұл мүмкін болмады. Отбасы үшін осындай қайғылы жағдай бойынша редакция Александр Машкевичке көңіл айтпақшы болып еді, ол кісінің ұялы телефоны байланыс аясынан тыс жерде болды.
Машкевичтердің отбасында қарияларды ерекше құрметтейтіні баршаға белгілі. Әкелері Антон Азарьевич 1919 жылғы 3 наурызда Литвада дүниеге келген, мамандығы бойынша дәрігер. Анасы Рахель Иоффе Витебскінің тумасы, Қырғызстанда белгілі адвокат болған. Ата-аналары 1941 жылы Қырғызстанға көшіп келгенде танысқан. Анасының құрметіне Астанада «Бейт Рахель – Хабад Любавич» деп аталатын Орталық Азиядағы ең үлкен синагога салдырған.