– «Тангеева» жеке кәсіпорнының тағы бір жұмысшысы ауруханада қайтыс болды, – деп хабарлады 365info.kz порталына Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің аға инженері, өтке қарсы қызметінің аға лейтенанты Гүлнар Ходжабекова.
Г.Ходжабекованың айтуынша, төтенше жағдай 10 маусым күні сағат 15:30-да «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданында орналасқан «Қарамандыбас» кенішінде орын алды. Жанармайға арналған темір бөшкеге (солярка, көлемі 10 текше метр) GPS датчигін орнату жұмыстары кезінде газ бен ауа аралас қоспа жарылып, оның соңы өртке ұласты.
Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, бөшке екіге қақ айырылған, ішіндегі жанармай жанып кеткен.
Жарылыс нәтижесінде апат орнында екі жұмысшы қаза тапты, тағы екеуі түрлі дәрежедегі жарақаттар мен күйікпен аурухаға жеткізілді.