Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының тұрғындары мұнай қалдығын төгуді және қайта өңдеуді тоқтатуды талап етуде, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының мердігер ұйымдары мұнай қалдықтарын тұрғын үйлердің маңына орналсқан полигонға төгуде.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнай өнімдерін негізінен түнде өртейді екен. Соның салдарынан олар күнділікті улы заттармен дем алады. Атап айтарлығы аудан аумағында бұрғылау кезінде салынған 5 мыңнан астам мұнай скважиналары орналасқан.
Жақында полигонда «Ақ жол» партиясының өкілдері болып қайтты. Ұйым заңгері Қайрат Күшібаев ауыл тұрғындарының сөзін растады және мұнай қалдықтарын төгуді және қайта өңдеуді тоқтатуға уәде берді.
— Жазда мазутпен ластанған жер учаскелерінде буға айналған канцерогендік көмірсутегі мұнай шығатын жердегі атмосфералық ауаны қарқынды түрде ластап қана қоймай, сонымен қатар жақын маңайда орналасқан Жетібай және Мұнайшы ауылдарындағы ауаны ластауға елеулі үлес қосуда. Мұнай шығару барысында үлкен көлемде мұнай төгіледі, «Маңғыстаумұнайгаз»ААҚ-ның мердігер ұйымдары төгілген мұнайды өртеген кезде ауаға үлкен көлемде қара күйе мен канцерогендік заттар шығарылады, – деген Күшібаевтың дәйексөзін келтіреді ақпарат агентігі.