12-13-мамырда болған дүлей дауыл салдарынан Шымкент қаласы 272 млн теңге көлеміндегі шығынға ұшырады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқарманың басшысы Нұрболат Дербесов.
«Шымкенттегі дүлей дауыл 272 млн теңгеден астам шығынға ұшыратты. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жапа шеккен ғимараттар арасында көп қабатты тұрғын үйлер, жеке үйлер, мектептер мен әлеуметтік нысандар бар», – деді Н. Дербесов, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Оның айтуынша, дауыл зардабын жоюға қалалық бюджеттен ТЖ желісі бойынша 100 млн теңге бөлінді.
Естеріңізге саламыз, 12-13-мамырда Шымкентте болған дүлей дауыл салдарынан газбен қаматамасыз ету жүйесінде 53, электрмен қаматамасыз ету жүйесінде 107 апат орын алып, 20 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры бұзылып, 45 оқу мекемесі мен 13 әкімшілік және коммерциялық ғимарат зақымданды. Дүлей жел 100-ден астам ағашты тамырымен жұлып алған. Осы табиғи апатта Шымкент зообағының қызметшісі қазаға ұшыраған.