Жамбыл облысында мемлекеттік шекара арқылы Қазақстанға екі килограммға жуық героин алып өтпекші болған Қырғызстан Республикасының 30-жасар азаматы құрықталды.
Жамбыл облысы кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, есірткі тасымалдаушыны құрықтау «Оңтүстік шекара» жедел алдын алу шаралары шеңберінде «Сыпатай батыр» кеден бекетінде 29-маусымдағы 01:50 сағатта кеденшілер мен шекарашылардың біріккен әрекеттері нәтижесінде жүзеге асырылыты.
Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ҚР Шекара қызметінің қызметкерлері Цезарь есімді қызметтік-іздестіру итінің көмегімен Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына өту залында Қырғызстан Республикасының 30-жасар азаматын құрықтаған.Аталмыш азаматты тексеру барысында оның жейдесінің астынан беліне жабысқақ лентамен бекітілген екі барсетка табылған. Сөйтсек, қаскүнем барсеткалардың ішіне жалпы салмағы 1991,1 рамм героин салып алыпты.Құрықталған жігіттің айтуынша, ол героинды сату мақсатынсы,з өзіне сатып алыпты.
Құрықталған азамат қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 250- және259-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысуы мүмкін қаскүнемдерді және есірткі тасымалдаудың басқа ареналарын анықтау бойынша тергеу амалдары жүзеге асырылуда.