Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 12 маусымда «Инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Бұған дейін экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев заң инвесторларға қойылатын талаптарды қайта қарап, инвестициялық ахуалды жақсартуға сеп болатынын айтқан.
Жобада инвесторларға келісім жасалатын кезде мемлекеттен қосымша қолдау шараларын көрсету қарастырылған. Атап айтқанда, инвесторларды ұжымдық табыс салығы мен жер салығынан 10 жылға дейін босату, жер салығынан 8 жылға дейін босату, мемлекеттік нысан пайдалануға берілген соң инвестордың капиталдық шығындарының 30 пайызына дейінгі көлемін өтеу көзделген.
Назарбаев бүгін Бурабайда өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынында инвесторларды Қазақстандағы жекешелендіру процесіне қатысуға шақырды.