Бразилияда басталған футболдан әлем чемпионаты тек жанкүйерлердің әндерімен ғана емес, аталған шараның өтуіне қарсы наразы топтардың ереуілдерімен де жалғасып жатыр.
Жанжалдар тек Рио-де-Жанейродағы танымал Маракана алаңының ішінде ғана емес, сондай-ақ оның сыртында да болды. Мұнда ереуілшілер бас көтеріп, алаңның ішіне өтпек болған. Полицейлер оларды тарату үшін көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды.
Тәртіп сақшылары Сан-Паулудағы әріптестерінің тәжиірбесіне қарай отырып, ереуілшілердің метроны пайдалануына жол бермеді. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, наразы топ Маракана маңындағы банк ғимараттарының бірін талқандаған. Полицейлермен қақтығыс кезінде 1 адам жарақат алды.