Бүгін ҚР Парламентінің мәжілісі пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жобасына сенат енгізген өзгертулер мен толықтыруларды қарады, деп хабарлайды Қазақпарат.
— Ұсынылып отырған түзетулер заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді.Мәселен, бір қатар түзетулер редакциялық нақтылау сипатында. Азаматтар теңдігінің бұзылуына, банк ақшасын заңсыз пайдалануға қатысты баптар да нақтыланған», – деді осы тақырыпқа баяндама жасаған депутат Нұрлан Әбдіров.
Мәжілісмен сенаторлардың мүлікті тәркілеуді қосымша жаза ретінде бір қатар баптардан алып тастағанын атап өтті. Мұның сыртында, жобаның басқа нормаларына нақтылаушы түзетулер енгізілді.
Мәселені талқылаған депутаттар сенаттың ұсыныстарымен келісу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, депутаттар Қылмыстық кодексті қабылдады.
Сондай-ақ мәжілісмендер заңдылыққа енгізілетін ілеспелі түзетулерді де талқылап, тағы да сенаттың ұсыныстарымен келісті.