Қазақстандықтар дүкен сөрелерінен балтық шпроттарын таба алмай қалуы мүмкін. Себебі, ол өнімдердің құрамында канцерогендік бензопирен мөлшері жоғары екен.
«Өнімдерге тыйым салу туралы айтар болсақ, қазір мен құрамында канцерогендік бензопирен затының жоғары болуы анықталған Балтық жағалауы елдерінен әкелінетін шпроттар ісін қарастырып жатырмын. Жақын уақытта осы іс бойынша шешім қабылдаймын», — деді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттік мемлекеттік агенттік төрағасының орынбасары, Қазақстанның санитарлық бас дәрігері Жандарбек Бекшин, дүйсенбі күні жарияланған «Мегаполис» газетіне берген сұқбатында, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Ж.Бекшин болашақта Қазақстанда сатылатын сүттің, шырынның табиғилығын, сондай-ақ сары майдың сапасын тексеру бар екені туралы айтқан.
«Атап айтарлығы, бүгін біз барлық көрсеткіштер бойынша сүттің табиғилығын анықтай аламыз: ол қайнатылды ма, оған су қосылды ма, немесе тағы басқасын. Сондай-ақ, шырындардың да табиғилығын анықтаймыз. Тұтынушылар үшін біз жоспарлап отырған тағы бір өзекті зерттеу – сары майдың сапасы. Егер назар аударсаңыз, дүкендерде бұл тағамның бағасы әртүрлі болып келеді. Біз бағасы айталық 200 теңге тұратын брикеттің, 400 теңге тұратын майдан қандай айырмашылығы бар екенін түсінгіміз келеді», — деді әңгіме барысында еліміздің санитарлық бас дәрігері.
Біраз уақыттан бері Қазақстан азық-түліктің құрамында гендік модифицияланған ағзалардың (ГМА) болуын тексеру мүмкіндігіне ие болды, түрлі геномдарды тіпті, өнімді жылумен өңдеуден кейін де анықтайды.
«Егер ГМА туралы айтар болсақ, біз еліміз бойынша ондай заттарды 17 рет таптық. Атап айтарлығы, төрт жағдайда олар шекті мөлшерден артық болған. Айтарым, ГМА екі рет Ресей мен Венгрия өндіретін консервіленген бұршақта табылған», — деді Ж.Бекшин.
Сонымен қатар, ол шетелдік өндірушілердің республикада азық-түліктегі «ГМА-ның өсу гормонын анықтау мүмкіндігі пайда болғанын ескере отырып, Қазақстанға жеткізілетін заттарды қалыптастыруға үлкен сақтықпен қарайтын болды». «Яғни, біз, тіпті, дүкендерге жеткізілетін тауарлардың тізімін тексермей-ақ қазақстандық тұтынушыларға ұсынылатын тауарладың сапасын жоғарлату мүмкіндігіне ие болдық», — деп атап өтті санитарлық бас дәрігер.