Бүгін қала активі мен мәслихат депутаттарының бірлескен жиынында Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Атыраудың жаңа басшысын таныстырды. Қала әкімі болып осыған дейін Исатай ауданын басқарған Нұрлыбек Ожаев тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Нұрлыбек Ожаев 1964 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1986-1991 жылдары комсомолдық органдарда жұмыс істеді. 1992-2003 жылдары Махамбет ауданының мемлекеттік басқару органдарында түрлі қызметтерде болды. Аудан әкімінің аппаратын басқарды. Бірнеше жыл бойы облыстық әкімдікте түрлі қызметтер атқарды. Осы күнге дейін Атырау қаласының әкімі қызметін Серік Айдарбеков атқарған болатын.