«Алматы — Защита» бағытындағы пойызда сәби дүниеге келді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Тимур Асылханов Facebook-тағы парақшасында хабарлады.
«Алматы-Защита» бағытындағы №351-352 пойызында қыз бала дүниеге келді. Әйел пойыздың ішінде толғатып, аман-есен қыз бала туды. Сарыөзек стансасынан жедел жәрдем бригадасы шақырылып, қажетті шараларды жасады. Алайда, анасы перзентханаға жатудан бас тартып, Өскемендегі үйіне кетті», — деді баспасөз хатшысы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Астана-Алматы» бағытындағы «Тұлпар-Тальго»пойызында да Гүлзия Әбеуова есімді әйел ұл баланы дүниеге әкелген болатын.