Алматыда 21 маусым күні кешкі сағат 19:00-де «Алматы Тауэрс» кешенінде аралас жекпе-жектен «Баhадүр» халықаралық турнирі өтеді, — хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш бәсекеде «Алаш Прайд KZ» клубының айтулы мықтылары әр түрлі елдерден, солардың ішінде Ресейдің белгілі ММА ұйымдарынан келген үздік сайыскерлермен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, алғашында «Баһадүр» турнирінде барлық жекпе-жектер бірдей мәртебеге ие болады деп жоспарланған болатын. Өйткені торға «Алаш Прайд KZ» клубының кілең мықты жігіттері шығайын деп отыр. Бірақ кейін кештің басты жекпе-жегін өткізу ұйғарылды. Онда 93 келіден артық салмақ санатында қазақстандық Шахмарал Жетпісов лақап аты «Шахан», ирандық Үміт Рахматоллаевпен күш сынасады.
«Баhадүр» турнирінде «Алаш Прайд KZ» клубының төмендегі тарландары ел намысын қорғайды:
Нұрсұлтан «Сұлтан» Қасымханов, 61 келіге дейінгі салмақ санатында,
Жасұлан «Арыстан» Тоқтарбаев, 61 келіге дейін салмақ санатында,
Ержан «Арлан» Естанов, 66 келіге дейінгі салмақ санатында,
Ермек «Аль-Асад» Тілеуов, 66 келіге дейінгі салмақ санатында,
Арман «Сұңқар» Оспанов, 66 келіге дейінгі салмақ санатында,
Қуат «Найман» Хамитов, 70 келіге дейінгі салмақ санатында,
Махир «Болат аяқ» Мамедов, 77 келіге дейінгі салмақ санатында,
Қылышбек «Сайфулло» Сарқабаев, 84 келіге дейінгі салмақ санатында,
Мұрад «Азиялық аю» Хантураев 93 келіге дейінгі салмақ санатында,
Шахмарал «Шахан» Жетпісов, 93 келіден жоғары салмақ санатында.
Салмақ өлшеу рәсімі 20 маусым күні Mega Center сауда ойын-сауық орталығында өтеді. Ал турнирді келіп көре алмағандар, оны тікелей трансляция арқылы «Алматы» телеарнасынан және ғаламтордан тамашалай алады.