Бүгін Алматыдан 323 шақырым қашықтықта қуаты 5 баллды құраған жер сілкінісі болды. Сағат 06.12-де “ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сейсмикалық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы” мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Қытайда болған зілзала ошағын тіркеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.6. MPV магнитудасы 5.0. Зілзала ошағының координаттары: солтүстіктік ендік бойынша 41.98 градус, шығыс бойлығымен 80.47 градус. Тереңдігі 10 шақырым.
Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 347 шақырым жерде, Қытай аумағында болған тағы бір жер сілкінісі кеше Алматы уақыты бойынша сағат 19.34-те тіркелді. Энергетикалық класы 11.6. MPV магнитудасы 5.3. Зілзала ошағының координаты: солтүстіктік ендік бойынша 44.60, шығыс бойлығымен 80.78 градус. Тереңдігі 20 шақырым.