— Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Сенатының депутаты ЕАЭО мен ЕО айырмашылығын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі әлем өзара ерекшелігі бар екі үрдісті бастан кешіруде. Бір жағынан әлем жаһандық интеграция үдерісін кеңейтуде. Екінші үрдіс — өңірлік бірлестіктердің құрылуы. Қазіргі уақытта әлемде 50-ден астам осындай бірлестік бар. Сондықтан да ЕАЭО өзінің экономикалық, технологиялық мәселелерінде көп жағдайда Еуропалық одақпен бірдей болып келеді. Біз ЕО құрылуының тәжірибесін негізге алатындығымызды жасырмаймыз», — деді ол ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
А.Башмаковтың атап өткендей, Еуразиялық экономикалық одақтың бірлігі Еуропалық одаққа қарағанда өзінің өнегелігі, рухани және тарихи тұтастығымен ерекшеленуі тиіс.
— ЕАЭО — тек қана экономикалық бірлестік. Дегенмен, біздер экономикалық мақсаттарға жылжи отырып, мығым, жақын әрі туыстас бола түсуіміз қажет-ақ, — деді депутат.