Рубль бағамының ауытқулары, Түркия мен Египеттің туристер үшін жабылуы ресейлік туроператорларды Қазақстанға назар аударуға мәжбүрлеуде.
Қазіргі өте маңызды мәселені — танымалдыққа ие емес туризм бағыттарын қалай тартымды ету жолдарын талқылау үшін Ресей мен Қазақстандағы туристік бизнес саласының мамандары Алматыда дөңгелек үстел басында кездесті.
Дағдарыс Қазақстанға ішкі және сырттан келетін туризмді дамытуға көмектесуде — ол қажетті экономикалық ахуалды қалыптастырды. Енді ең бастысы ғана қалды – туристік әлеуетті ашу… жұмсақтап айтсақ, қазір оның жағдайы мәз емес:
– Алматының өзіндік туристік өнімі бар, ал қала оны сата алады, бірақ бұған белгілі бір ресмилік кедергі келтіруде, – деп есептейді Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Тимур Дүйсенғалиев. – Сіздердің барлығыңыз біздегі визалық тәртіптің өте күрделі екенін жақсы білесіздер, миграциялық ережелер де туристер үшін өте жағымсыз, тіпті, біз оны тартымды етуге қол жеткізсек те, еліміздің есігі шартты түрде айтсақ, туристер үшін жабық, сондықтан туризмді дамыту туралы әңгіме қозғау өте күрделі.
Мұны құптаған ресейлік туркомпаниялардың өкілдері шекараны өтуде орын алатын кедергілерге наразылық білдірді.
— Кеденде туристердің автобусын 5 сағаттан ұстайды, ал жеңіл автомашиналарды кезексіз өткізіп жатады, – деп хабарлады Екатерина Панькова. – Рейстік автобустарды өткізеді, ал туристік автобусты, тіпті, шекараның аумағына кіргізбеуі де мүмкін. Қазақ шекарасында 3 сағаттан тұрған кездеріміз болған — бұған шекарадан өтетін уақытты қосыңыз.
Бұдан кейін туристердің Қазақстанға қайта оралуға зауқы соқпайды да.
Бұдан бөлек, ресейліктер Қазақстан туралы ешнәрсе білмейді.
– Мен ресейлік блогерлермен әңгімелестім,
олар Алматы — үлкен кишлак деп есептейді, – дейді Тимур Дүйсенғалиев.
– Бізге ақпарат жетіспейді, біз бірімізді қайтадан бір ашуға мәжбүрміз. Ажырап кеткен кезіміздегі байланыстарды қалпына келтірген жөн. Осы орайда, туркомпанияларға үлкен жұмыс артылып отыр.
Атап айтарлығы, ProfiTravel сауалнамасының нәтижелері бойынша, ресейлік турагенттіктердің тек 5 пайызы ғана Қазақстанға туристерді бұрыннан және табысты жолдауда, 7 пайызы – біздің елді қызық бағыт санайды, басқа 7 пайыз – келгісі келеді, бірақ қызмет сапасынан қауіптенеді,
турфирмалардың басым көпшілігі (43 пайыз), қазақ турлары туралы ешнәрсе білмейтіндерін мойындады
– Осы аптада британдық туристік фирмалар демалысты Түркияда өткізуден 400-ден астам бас тартулар түскенін хабарлады, – дейді Ресейдің туроператорлар ассоциациясының вице-президенті Илья Уманский. – Ұлыбританияда Түркияға туристерді жіберумен айналысатын туроператор күйреуге ұшырады, ағылшындар қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қиындықтар салдарынан Түркиядағы демалыстан бас тартуда.
Ресей туроператорлары ассоциациясы вице-президентінің сөзін басшылыққа алсақ, біздің еліміздегі тыныштық, оның үстіне, туристердің үлкен қызығушылығын тудыратын көптеген көркем орындардың, оған қоса бірегей өзіндік мәдениет пен дәстүрлердің болуы туроператорларға ішкі нарыққа бағдарланып, шетелдерден туристерді тартуға тырысуға мүмкіндік береді. Айтпақшы, қазір Ресей дәл осы іспен айналысуда.
Туристік нарықтағы ойыншылар дауласпайды — қазір қолайлы кезең, бірақ отандық туризм саласы оған мүлдем дайын емес:
– Бүкіл әлемде туристер легі үшін қатаң бәсекелестік күрес жүріп жатыр. Ал біз турасын айтсақ, туризм бәсекелестігі бойынша ең соңғы орындардамыз.
Бізде жоғары сапалы қызмет пен сервисті айпағанда,
көптеген жағдайда туристерді көркем жерлерге апаратын жолдар, қарапайым әжетханалар, дамыған туристік инфрақұрылымдар жоқ
, – дейді Рысты Қарабаева, астаналық Туризм ассоциациясының президенті. – Өйткені туроператорлардың 90 пайызы туристерді тек сыртқа шығарумен айналысқан…
Соның нәтижесінде, жергілікті тұрғындар өз елінің көрікті жерлеріне қарағанда, Түркияны жақсы біледі.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков