Осы аптада Хьюстонде (АҚШ) IHS CERAWeek-тің энергетикалық конференциясы өтті, оның барысында ОПЕК-тің бас хатшысы Абдалла Салим аль-Бадри маңызды мәлімдеме жасады — ОПЕК картелі мұнай нарығын тұрақтандыратын жаңа шараларды жүзеге асыруға дайын.
Шынын айту керек, аль-Бадри өз сөзіне бірден өзгерту енгізді: картельдің нарықты тұрақтандыру жөніндегі барлық әрекеттері оның құрамына кірмейтін мұнай өндіруші елдердің тәртібіне тәуелді. ОПЕК нарықты тұрақтандыру жұмыстарын тек өзінің құрамына кірмейтін елдер бірлесе жұмыс істеген жағдайда жүзеге асыруға дайын.
ОПЕК өзінің құрамына кірмейтін мұнай өндіруші жетекші елдермен: Бразилиямен, Қытаймен, Оманмен және Мексикамен, өндіруді тоқтатуы бойынша кеңес өткізіп үлгеріпті. Ол елдердің оған қалай әсер еткені белгісіз. Сондай-ақ Абдалла аль-Барди де ОПЕК-тің болашақтағы жоспарлары туралы әңгімелеуден бас тартып, маусымдағы мұнай картелінің саммитіне дейін шыдауды ұсынды.
Ішінара оның сөзінің жаны бар, өйткені
ОПЕК-тің маңызды мүшелерінің әрекеттері салдарынан бүгін мұнай бағасының мінезін дөп басып айту мүмкін емес
Мәселен, Иран мен Ирак келісімді тек ауызша қолдаған, бірақ формальдық тұрғыдан оған қосылған жоқ. Ал Сауд Арабиясының мұнай министрі өз елінің мұнай өндіруді қысқартпайтынын білдірді, ал нарық шығыны көп компаниялардың, яғни, тақта тас мұнайын өндіретін американдықтардың кетуі есебінен тұрақталады.
Бұған АҚШ-тың мұнайшылары қандай жауап берген? Олар
американдық конституция бойынша, американдық бизнесмендерге өз бизнесін қалай жүргізуге нұсқау беруге ешкімнің (тіпті, ел үкіметінің де) құқығы жоқ
, — дейді
Осы орайда, dw.com жазып отырғандай, Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) әлем нарығында мұнайдың артық болған кезеңінің аяқталатынын болжады. Дүйсенбі, 22-ақпанда жарияланған ұйымның есебінде
в 2017 жылы мұнайдың ұсынысы мен сұранысында тепе-теңдік орнайды, содан кейін оның бағасы, шамамен, барреліне 30 доллар деңгейінен жоғары өсе бастайды
делінген.
Бес жылдан кейін қара алтын бағасының күрт шарықтауын күтуге болады, деп ескертеді ХЭА. Көміртектілердің қымбаттауының себебі мұнай өндіруші елдердің барлау және өндіру техникасына инвестиция құюдан бұрын-соңды болмаған бас тарту болмақ.
Шынын айтсақ, бүгін мұндай «жайма-шуақ ахуалды» мұнайдың орасан зор қоры құртып отыр, аль-Бадридің сөзі бойынша, ол , 300 млн баррельді құрап отыр. Сондай-ақ ол мұнайдың бағасы барреліне 60 доллардан асысымен американдықтар тақта тас мұнайды белсенді түрде өндіре бастайтынын, сөйтіп, бағаның төмендеуін тоқтатқан барлық жағымды өзгерістердің нәтижелерін жоятынын ескертті.
Сондықтан ОПЕК-тің бас хатшысы қазіргі ахуалды және оны түзету жөніндегі әрекеттерді Хьюстонде американдық әріптестерімен талқылағысы келгені туралы мәлімдеді:
«Тақта тас мұнайын өндірушілер төмен бағалардан зардап шегуде. Сондықтан ОПЕК диалог жүргізуге ниетті… Біздің қалай бірге тұратынымызды білмеймін, бірақ бізге қандай да бір тепе-теңдік табу қажет…».
Міне, соның салдарынан дүйсенбіде баға күрт шарықтады. Алайда ұзамай, дәл солай бағалардың түзетілуі орын алды. 5 пайыздық өсімнен кейін баға, шамамен, барреліне жарты долларға дейін төмендеді. Бұл, бірінші кезекте, Иранның арқасында орын алды, ол американдық мұнайшылардың өндіруді төмендетуіне жол бермеді. National Iranian Oil Company-дің мәліметтері бойынша, санкциялар жойылғаннан кейінгі бір айда, қаңтардың ортасында өндіру, шамамен, тәулігіне жарты миллион баррельге өскен.
Қысқасы, Абдалла аль-Бадри нарықтарда оңды-солды жағымды көңіл-күй тудыруға тырысса да көптеген пессимистерді сендіре алмады. Сингапурлік Phillip Futures мұнай компаниясы мәлімдегенде:
«Өндіруді қысқарту бойынша нақты әрекеттер болмай, біз мұнай бағасының өсетініне сенімсіздікпен қараймыз»
Сөз соңында атап өтеріміз, кеше кешкісін Brent маркісіндегі мұнайдың бағасы барреліне $34 жоғары көтерілді. Бейсенбіде Астана уақытымен 12:25-те сәуір фьючерсінің құны $34,37 құрады. Бүгін Астанада 09.20 оның құны $35,53-ке тең болды.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков